Павлодар тұрғыны 16 жастағы қызының соққыға жығылғанын айтты. Ол полиция департаменті мен прокуратура басшыларынан істі тергеуді бақылауға алуды сұраған бейнеүндеу жариялады.
Мәліметтерге сенсек, әйел 5 қазанда Павлодар инновациялық көпсалалы колледжінің студенті баласына шабуыл жасағанын айтты. Анасының айтуынша, жасөспірім қыз бас сүйек-ми жарақатын, ми шайқалуын және беті мен бас аймағында көптеген жарақаттар алған. Қазір қыз ауруханада жатыр.
«Мен Талғардағыдай оқиғаның қайталануынан қорқамын. Тергеу толықтай әрекетсіз. Әлі күнге дейін бірде-бір куәгерден жауап алынған жоқ. Оқиға орнынан бейнежазбалар да тәркіленбеді. Бірақ олардың бар екені белгілі. Өтініш бергеннен кейін екі апта өтсе де, ешқандай шара қолданылмады», – деп мәлімдеді қыздың анасы.
Ол жасөспірімді соққыға жыққан студенттің осындай жағдайларға бірнеше рет қатысқанын атап өтті. Павлодар облысының полиция департаментінің дерегінше, 16 жастағы қызға қасақана жеңіл дене жарақатын салу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.