Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Талдықорғанда «Patriot Qazaqstan» реалити-шоуының жеңімпазы анықталды

Ол енді Лас-Вегастағы Фредди Роучтың бокс залына барып білікті мамандардан тәлім-тәрбие алады деп хабарлады Алматы облыстық әкімдігінің ішкі саясат басқармасы.

«Бұл жоба ауыл жастарының үлкен рингке шығып, биік белестерді бағындыруына жол ашады», – дейді мамандар.

Шаршы алаңда қарсыластарын шаң қаптырған Мирас – Талдықорған қаласындағы политехникалық колледждің 4-курс студенті. Дене тәрбиесінің болашақ мұғалімі 10 жасынан бастап бокспен айналысып келеді.

– Әрбір боксшының мақсаты – ұлттық құрамаға іліну. Ұлттық құрамада жүріп, үлкен жарыстарда төбе көрсету, одан соң біртіндеп Азия, әлем чемпионаттары, Олимпиада ойындарына бару. Осы күнге жеткізген өзімнің жаттықтырушыларыма алғысым шексіз, – дейді ол.

Облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Рүстем Алпысбаев бұл жоба ары қарай жылда өз жалғастығын табуына тілектес.

«Екі аптаның ішінде ең мықтылары іріктелді. Олар осы уақыт аралығында Талдықорғанның көрікті жерлерімен танысып, ағылшын тілін оқыды. Домбыра шертіп, ұлттық өнерден сусындады. Айта кету керек, бұл қатысушылардың барлығы кәсіби спорт шеберлері емес, әуесқой спортшылар», – деді ол.

Өте жоғары деңгейде ұйымдастырылған шара көрермендер үшін де қызыққа толы болды. Олар түрлі ойындарға қатысып, бірі Түркия еліне жолдаманы ұтып алды.

Айта кету керек, «Патриот» реалити шоуы 18-22 жас аралығындағы жастар арасында ұйымдастырылды. ІІ- орын Райымбек ауданының тумасы Жақсылық Қырғызәліге, ІІІ-орын Сарқан ауданының намысын қорғаған Саят Құдайбергенге бұйырды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз