Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Талдықорғанда өз ұлын зорлаған мектеп директоры сотталып жатыр

Аталған дерек Еңбекшіқазақ ауданында тіркелген. Биылғы жылдың тамыз айында әйел адам күйеуі бірнеше жыл бойы ұлын зорлап келгенін айтып, полицияға шағымданған.

Анасы үлкен дәретін ұстай алмайтын баласын дәрігерлерге көрсеткен. Дәрігерлер мұның тек зорлық салдарынан болуы мүмкін екенін айтқан. Әйел өз күйеуінен күмәнданып, одан жағдайды түсіндіруін талап еткен. Есесіне ашуланған ері әйелін ұрып-соғып, қолын сындырған.

Айта кетсек, қамауға алынғанға дейін күдікті ер адам өңірдегі ауыл мектептерінің бірінде директор қызметін атқарған.

Сот процесі жабық режимде өткен. Айыпталушыға ҚР ҚК 121- бабының 4-бөлімі (Зорлық-зомбылық әрекеті) және 107-бабының 1-бөлімі (Азаптау) бойынша айып тағылуда.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз