Нұр-Сұлтан
Қазір
-4
Ертең
-2
USD
521
0.00
EUR
610
0.00
RUB
6.68
0.00

Талдықорғанда мешітке тартылған газ құбыры жарылып, тұрғын үй зардап шеккен

«Менің ойымша, бұл жерде бұрын электр бағаналары болмаған. Жақында ғана орнатылды. Сонымен бірге асфальт та жаңа төселді. Бағаналар мен жол салынған кезде газ құбыры жатқанын ешкім ескермеді деп ойлаймын, өйткені бұл туралы ешқандай құжат жоқ», – дейді Ернұр Жүкенов, жарылыстан зардап шеккен отбасының туысы.

Жарылыс болған үйге жақын орналасқан мешіттің заңсыз газ тартқаны туралы да күдік бар. 2020 жылы салынған мешіт «Салиқалы ұрпақ» қоғамдық қорының қаражатына бой көтерген. Жергілікті билік өкілдері бұл ақпаратты растады.

«Күзде бізге бұрынғы газ компаниясы газ беруден бас тартты. Сол себепті біз «Газаймақ» компаниясына қосылдық. Барлық қажетті рұқсатты алып, құжаттарды тапсырдық. Соңғы бір ғана құжатқа қол қою қалғанда, жарылыс болды. Қазір мешітке газ берілмейді», – дейді «Тәубе» мешітінің имамы Серік Шәріпұлы.

Жарылыстың нақты себебі мешітке тартылған газ құбырынан шықты ма, жоқ па деген сұраққа құзырлы органдар тергеу аяқталғанға дейін жауап бере алмайтындарын айтты.

«Қылмыстық іс бойынша бірқатар сараптамалар тағайындалды. Олардың нәтижесі әлі дайын емес. Қорытынды шыққан соң, процессуалдық шешім қабылданады», – деді Жетісу облыстық полиция департаменті бастығының тергеу жөніндегі орынбасары Руслан Чарапиев.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2025 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз