The World’s best шоуында Димаш Құдайбергенмен бірге өнер көрсетіп жүрген Энх-Эрдэнэ есімді моңғол әншісі де көптің көңілінен шықты.
Ол таланттар шоуында “Amarillo by Morning” композициясын орындады. Ресми деректер бойынша, моңғол жігіті ағылшын тілін мүлдем білмейді екен. Десе де әнді өз нақышында, сәтті орындап шықты.
Қазылар алқасы мен көрермендер оның өнерін жоғары бағалады. Шетелдіктер Энх-Эрдэнэні “моңғол ковбойы” деп атап, #mongoliancowboy хэштегі арқылы жылы лебіздерін білдіріп жатыр. Желі қолданушылары моңғол әншісін Димаштың басты қарсыласы деп есептейді.