Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
16
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Талай діндарды тығырыққа тіредім

Өкінішке орай бұл сала бізде ақсап жатыр. Оған нақты екі себеп бар. Біріншісі, Кеңес заманында бәрімізді бірдей ойлайтын жүйеге отырғызып тастағаны соншалық бір қазақ өзгеше ой айтса таптап тастауға, жұлып жеуге дайын тұратын менталитет бойға сіңіп қалған.

Екіншісі, қаншама діндарлармен, намаз оқитын жастармен, молдалармен сөйлесіп жүріп неше түрлі сұрақтардың астына аламын. Олар маған адасқан әрі шайтанның жетегіндегі адам ретінде қарайды.

Тіпті болмаса “Жаратушы біздің ойымызды белгілі бір өлшеммен жаратқан. Ақылымызбен түсінбейтін заттарға бас қатырмау керек. Бәрі жаратушыға аян” деп шығарып салады. Діндегі проблема да осы жерден басталады.

Өз мүмкіндігін шектеп, ақылын рамкада ұстайтын діндарлар қоғамды стагнацияға апарады. Олар үшін өз комфортный зонасын жасап алып, “Қалғаны жаратушыға аян. Басымды қатырмайын. Бастысы жұмаққа өту үшін 5 парызды орындасам болды” деп сол комфорттың ішінде бақыттан басы айналып жүре бергеннен артық нәрсе жоқ тәрізді.

Ал, адамзат тариxын алсаңыз ғылымдағы керемет жаңалықтарды тобырлық ойдан ада, әр құбылысқа сынмен қарап, өзінше жауап тапқысы келген тұлғалар ашқан. Сыни ойлау біздің қоғамның бір құныдылығына айналып, менталитетімізге сіңбей даму мен өркендеу болмайды.

 

Бауыржан Серікбаев, 

Фейсбук парақшасынан 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз