Таңғы уақытта Алматы-Талғар тас жолымен жүретін жүргізушілер күн сайын жол ережесін жаппай бұзады екен. Дронның көмегімен түсірілген мына видео соның дәлелі.
Қалаға қарай ағылатын көліктің көптігінен кептеліс туындайды. Сол кептелісте тұрғысы келмеген кей жүргізушілер жолдың жиегіне де, қарсы бағытына да шығып, маңайдың бәрін әбден шаңдатады екен.
Осылайша біраз жерді кедергісіз жүріп өткен жүргізушілер ақыры «өз жолына» қайтадан киліге бастайды, сөйтіп ереже сақтап, кептелісте тұрған «адал» жүргізушілердің жүрісін одан сайын тежейді.