Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
-3
USD
521
0.00
EUR
610
0.00
RUB
6.68
0.00

Такси жүргізушілеріне талап күшейтілді

Оның айтуынша, биылдан бастап жеке тұлғалар да ресми түрде такси жүргізушісі бола алады. Бұған дейін мұндай құқық тек жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға берілген еді. Жеке тұлғалардың заң талаптарын орындауын такси шақыруға арналған мобильді қосымшалар қадағалайды.

Жәдігер Тілегеннің айтуынша, егер қосымшалардың қызметі заңға сай болмаса, олардың жұмысы шектелуі немесе бақылауға алынуы мүмкін. Бұл бағытта Көлік министрлігі мен Ішкі істер министрлігі бірлесіп тексеріс жүргізіп жатыр.

Министрліктің мәліметінше, 2024 жылы тек Астананың өзінде 500-ден астам заңсыз такси жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Жүргізушіні медициналық тексеріссіз немесе көлікті техникалық бақылаусыз жолға шығарғаны үшін 15,5 миллион теңге, ал еңбек тәртібін бұзғаны үшін 78 миллион теңгеден астам айыппұл салынған.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2025 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз