6 желтоқсаннан бастап қоғамдық көлік пен такси жүргізушілері күніне екі рет медициналық тексеруден өтуге мәжбүр болады. Бұдан өзге, осы талаптың орындалуын бақылау бойынша мониторингтік топтар пайда болады.
Жолаушылар тасымалы жүргізушілерінің денсаулық жағдайын тексеру ережесі Қазақстанда бұрыннан бар сияқты. Бірақ дәл қазір өзгерістер қоғамның назарын аударды. Бұл ИИДМ автомобиль көлігі басқармасының басшысы Алмаз Айсиннің бұқаралық ақпарат құралдарында күнделікті медициналық тексеру ережелері муниципалды қоғамдық көлік жүргізушілеріне де, таксиге де бірдей қолданылады деген мәлімдемесіне байланысты. Бұған “Яндекс”, DiDi және Uber сияқты ірі мобильді агрегаторлардың тасымалдаушылары да кіріп отыр.
“Осы Ережелердің сақталуын тасымалдаушы қадағалауы тиіс. Бірінші кезекте өңірлердегі бақылауды аумақтық көліктік бақылау органдары мен құқық қорғау органдары жүзеге асыратын болады”, — деп нақтылады Айсин.
Шенеуніктің мәлімдемесі көптеген сұрақ туғызды. Күн сайын мыңдаған такси жүргізушісін кім және қайда тексереді? Кімнің есебінен? Қажетті нәтижеге жету үшін бұйрықтың орындалуын қалай бақылауға болады? Осы және басқа да сұрақтарды біз республикалық такси қызметтері қауымдастығының төрағасы Медет Құрмановқа қойдық.
— Бұл ережелер бұрыннан бар. Теориялық тұрғыдан автобус, троллейбус және такси жүргізушілері оларды орындауы тиіс, — дейді Құрманов. — Бірақ орындамайды. Әсіресе такси жүргізушілері. Себебі нарықты өздері ұйымдастырады.
Ал таксимен заңды тасымалдауды ұйымдастыру жөніндегі құзыреттер жергілікті атқарушы органдарда болады. Бірақ олар бұл нарықты ұйымдастырмаған
Оған қоса, қала тұрғындары мобильділікті талап етеді. Сондықтан, қысқаша айтсақ, қызметтерді көшеде — қалай болса, солай алады. Қазақстанға келген барлық жеке тасымалдаушылар, тіпті ірі мобильді агрегаторлардың жүргізушілері заң бойынша такси тасымалдаушылары болып табылмайды.
— Яғни олар такси қызметін көрсетеді, бірақ бұл ретте заңнан тыс жұмыс істейді ме?
— Дәл солай. Өңірлердегі әкімдіктер заңды такси қызметінің жұмысын ұйымдастырған жоқ. Сондықтан біз оны көлеңкелі нарық деп атаймыз. Адамдар өздері үшін жұмыс істейді. Олар өздері желіге шығады, қай қызметке қосылуды шешеді, тапсырыстарды қабылдайды және адамдарды тасымалдайды. Яғни, мемлекет оларды реттемейді және бақыламайды.
Сондықтан де-юре медициналық тексеру ережелері болды және бар, ал іс жүзінде ешкім сақтамайды
Автобустармен оңайырақ. Онда коммуналдық парктер бар, әр жүргізушінің жұмысы бақыланады. Ал таксиде жүргізушілердің 90%-дан астамы өз бетінше жұмыс істейді.
— Ал 6 желтоқсаннан бастап не болады? Шенеуніктер бақылау топтары болады, бәрі қадағаланады дейді. Сіз бұл туралы естігенсіз бе? Таксомоторлық бизнес не істеуі керек?
— Қазақстанда таксомоторлық бизнес жоқ. Бұрын дәстүрлі, классикалық таксопарктер қабылданған стандарттар бойынша жұмыс істейтін. Олар автокөліктер сатып алып, жүргізушілерді жұмысқа қабылдады. Бүгінде Қазақстанда ондай таксопарктер жоқ.
Интернет-технологияның дамуымен нарық өзгерді. Мобильді такси қызметтері агрессивті маркетингімен барлық клиентті тартып алды
Мобильді қызметтердің серіктес парктері белгілі сомадағы комиссия үшін жүргізушілерге қызметке қосылуға көмектеседі. Бірақ олар іс жүзінде таксопарк емес, олардың балансында өз автомобильдері және жұмысқа орналасқан қызметкерлері жоқ. Такси бизнесінде оларды “подключашки” деп атайды. Олардың функциясы — жүргізушілерді тарту және қосу. Делдалдар, бір сөзбен айтқанда.
Сондықтан, бұл қатаңдату 6 желтоқсаннан бастап қалай жұмыс істейтінін білмеймін. Тіпті елестете де алмаймын.
Жүргізуші брендтелген Яндекс көлігін айдайды делік. Бірақ ол тасымалдаушы емес, ол жеке автокөлік иесі және тасымалдаушы мәртебесі жоқ
ЖК ретінде қызмет етпейді, таксопарк компаниясына ресми түрде жұмысқа орналаспаған, тасымалдаушы ретінде мемлекеттік органдарға хабарлама жібермеген. Оны рұқсатсыз жұмыс істегені үшін ғана жауапқа тартуға болады. Барлық такси жүргізушілері, шын мәнінде, рұқсатсыз жұмыс істейді.
— Мобильдік сервистердің мұндай жүргізушілерге тапсырыстар беруге құқығы жоқ. Себебі заңда нақты айтылған:
мобильді сервистер тапсырыстарды тек ресми тіркелген тасымалдаушыларға ғана ұсынуға құқылы. Онда да бұзушылықтар бар
Яғни, біздің заңдарымыз бен ережелеріміз мүлдем жұмыс істемейді. Ешкім іске асыру мен бақылауды қамтамасыз етпейді. Олар күніне екі рет медициналық тексеруден өтуге міндетті делік. Мен мұны қалай орындау және бақылау керектігін де елестете алмаймын. Мұның бәрін қандай бақылау тобы жасай алады?
Яғни, “Яндекс” шартты жүргізушісі тасымалдаушы мәртебесін алу үшін Мемлекеттік кірістер органдарында тіркеліп, салық төлеуі керек,
сонда ол ресми тасымалдаушы болады. Сонымен қатар, ол қолданыстағы стандарттарға сәйкес автомобильдің сыртқы брендингін сәйкестендіруі керек. Осыдан кейін ғана тасымалдаумен айналысады.
— Яғни қазір Қазақстанда заңды тіркелген такси жоқ па?
— Олардың үлесі 10%-дан аз. Бұл, әдетте, жеке тұлғаларға емес, корпоративті клиенттерге қызмет көрсететін парктер.
— Осының бәрін ретке келтіру үшін заңдарға өзгерістер енгізу керек пе?
— Заңдарды жұмыс істету керек. Онда бәрі жазылған. Неге бұлай болды?
Өйткені Қазақстан егемендік алғаннан кейін автомобиль көлігі туралы алғашқы заң 2003 жылы қабылданды. Ал заң актілері 2007 жылы пайда болды. Яғни, бұл нарық өз бетінше ұйымдастырылған. Адамдардың түсінігінде, кез-келген жерден кез-келген нүктеге қолын бұлғап жетуге болады. Такси деген осы деп ойлайды.
Тасымалдау ережелері пайда болған кезде жергілікті атқарушы органдар бұл қызметтер нарығын ұйымдастырмады.
Әкімдіктерде таксидің не екенін түсінетін мамандар жоқ. Осылайша нақты жұмыс ережесі жоқ
Ішінара бақылауды жол полициясы мен көліктік бақылау инспекторлары қандай да бір жоспарлы рейдтер кезінде жүзеге асырды.
— Қазір, шартты түрде айтқанда, егер мемлекеттік кіріс органдары рейдтпен көшеге шығатын болса, олар салық төлемейтіні және таксист ретінде ресімделмегені үшін кез келген такси жүргізушісін жауапкершілікке тарта ала ма?
— Иә, қызметті рұқсатсыз, хабарлама жібермей жүзеге асырғаны үшін рәсімдей алады.
— Ал мұндай рейдтер жалпы қандай болады? Егер мемлекет нарықты реттемесе, заңдастырмаса, тасымалдаушылар өздерін қалай қорғай алады? Жалпы, неге олар өздері бармайды және ресми тіркелмейді?
— Салық төлемеу үшін. Көбісі қайда бару керектігін және не үшін екенін білмейді? Сонымен қатар, ешкім тіркеуді қажет етпейді. Бес жыл бұрын салықшылармен рейдтер жүргізілді. Қазір олармен жоспарлы рейдтер кезінде жол полициясы ғана шұғылданады. Бірақ мұның бәрі барлық қоғамдық көліктер арасында жоспарды орындаумен аяқталады.
Қазақстанда жылына шамамен 200 млн сапар жасалатын болса, оның ішінде бір жыл ішінде мың-екі мың рейд жүргізіледі. Бұл адамдардың заңсыз жұмыс істеуден қорқуына себеп емес
Қолға түсті — төледі. Әрі қарай жұмыс істейді. Заңды деңгейге шығу керек деген түсінік жоқ.
Елордада қазір жағдай аздап өзгерді. 2017 жылы бизнес-қауымдастық ассоциацияға бірікті. Біз әкімдікке келіп, бизнес ретінде жұмыс істеп, салық төлегіміз келетінін мәлімдедік. Бірақ бұл ретте біз әрқайсысына жеке-жеке барып, мемлекеттен қандай да бір қайтарымсыз тіркелудің мәнін көрмедік. Сондықтан әкімдік жақсы қабылдады. Және такси көлеңкесінен шығу үшін мынадай құқық берді:
Артықшылықтар алу үшін стандарттарға сай болу қызықты болды. Нұр-Сұлтанда тіркелген тасымалдаушылар саны 1,5 мың адамға дейін артты
Бұл әлеуметтік міндеттерді шешу үшін бизнес пен мемлекеттің ынтымақтастығы.
— Ал Қазақстанда шамамен қанша такси жүргізушісі бар?
— Мұнымен үнемі айналысып жүргендер және такси қызметі негізгі кірісі болып табылатындар — республика бойынша шамамен 60-70 мың. Негізгі табыс көзі басқа, ал такси қосымша табыс болып табылатын такси жүргізушілерін есептемейміз.
— Агрегаторлар бақылаушы органдармен “келісім” жасап алғандықтан мемлекет таксилерді тексермейтін шығар, қалай ойлайсыз? Заңсыз қызметтерді көлеңкеден қалай шығаруға болады?
— Шынымды айтсам, бизнес-қауымдастық ретінде Қазақстанға мобильді такси сервистерінің келуіне қарсы емеспіз.
Яндекс Финляндияға барғысы келді делік — мемлекет келісті. Шынында да, ыңғайлы қызмет. Бірақ агрегаторға талап қойды. Мысалы, автомобильдер тіркелуі керек, жүргізушілер лицензия алуы керек, ал Яндекстің өзі атауын өзгертуі керек.
Олар Yango деп аталды және мемлекеттің талаптарын орындай отырып, керемет жұмыс жасап жатыр
Қазақстанда таксидің мобильді қызметтерін ешкім қадағаламайды, заңдар жұмыс істемейді, қатаң талаптар қойылмайды. Яндекстің де, DiDi-дің де, Uber-дің де өз жүргізушілері жоқ. Олар таксопарктерді ұйымдастырмайды.
Негізінде, олар нарықтағы адамдармен жұмыс істейді. Ал бұл такси қызметін көрсетуге дайын жеке автокөлік иелері
Егер олар Қазақстанға келген кезде такси нарығы заңдастырылып, бекітілген стандарттар бойынша жұмыс істейтін болса, агрегаторлар сол бойынша жұмыс істейтін еді. Бірақ олар жоқ және болған емес.
— Бұл жағдайда Министрлік әкімдіктермен бірлесіп осы мәселені пысықтауы тиіс пе?
— ИИДМ жалпы көлік саясатын жүргізеді. Жергілікті жерлерде оны әкімдіктер орындайды. Мәселе соларда. Олар қалада не болып жатқанын білмейді: адамдарды кім тасып жүр, неге, не үшін. Бұл сұрақты ешікім қоймайды. Тек Нұр-Сұлтанда ғана осындай жұмыс басталды.
Біз бұл мәселені жүргізушілер арасында көтере бастағанда,
біз ақылға қонымды ескертулер аламыз — не үшін тіркелеміз? Біз тіркелгеннен кейін олар бізді тексере бастайды, тыныш өмір сүргізбейді
Мені тағы бір алаңдататыны, бұл мобильді такси қызметтерінің барлығы жүргізушілермен тікелей жұмыс істемейді. Олардың арасында серіктес компаниялар бар, оларды комиссия алудан басқа ештеңе қызықтырмайды.
Яғни, желіге кім кіргенін, ақыл-есі дұрыс па, байсалды ма, зорлық-зомбылыққа бейім емес пе және т. б. ешкім бақыламайды
Сондықтан қазақстандық жолаушылар ешбір тәуекелден сақтандырылмаған. Бұл жағдайда қауіпсіздікті ешкім қамтамасыз етпейді. Әкімдіктерде заңды жолаушылар тасымалын ұйымдастыру функциясы болғандықтан, такси нарығындағы тәртіпсіздік үшін барлық жауапкершілік соларға жүктеледі.