Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
3
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Тайландта үш қазақ боксшысы жартылай финалға шықты

111

52 келіге дейінгі салмақта Азат Махметов аустралиялық боксшы Джек Боуэнді ұтса, 69 келіге дейінгі салмақта Садриддин Ахмедов шаршы алаң иесі Саесита Апичетаны жеңді.

Ұлттық құрама сапында үшінші болып жартылай финалға Ерік Әлжанов (75 келі) жолдама алды. Ол да ширек финалда тайландтық боксшы Фромтай Наттанфондыдан басым түсті.

Жартылай финалға шыққан үш боксшымыз кезекті жекпе-жекке бүгін шығады.

Олардың қарсыластары:

52 келіге дейінгі салмақта – Азат Махметов – Залдивар Сантистеба Франк (Куба);

69 келіге дейінгі салмақта – Садриддин Ахмедов – Жоэль Бахо (Филиппин);

75 келіге дейінгі салмақта – Ерік Әлжанов – Иглесиас Эстрада Ослей (Куба).

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз