Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
13
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Тағы да үздік үштікті түйіндеген Димаш енді қазақша ән салады (фото, видео)

166

«Weibo» әлеуметтік желісіндегі Димаштың жұмыс тобының парақшасында байқаудың 4-кезеңіндегі суреттер жарияланды. Онда әртістің стилисі BG Fashion, визажисі әрі шаштаразы DO Fashion екендігі жазылған. Әншінің киімі – Gucci 17SS, мойынорағышы – Paul Smith 17SS, шляпасы – Albertus Swanepoel, аяқ киімі – Gucci 17SS, жүзігі – H&M, білезігі Жапониядан.

Еске салайық, бұған дейін «Синьхуа» агенттігі Димаш Құдайберген аталмыш байқаудың 4-кезеңінде қытай тіліндегі әнді акцентсіз айтып бергенін хабарлаған болатын. Сондай-ақ Димаш еуропалық үлгідегі пиджак пен жібек мойынорағышында тартымды көрінгені жазылған еді. Оның бойына көз тартарлық келбетті қара түсті бас киімі келтіріп тұрды. «I am a singer» байқауының төртінші кезеңі 2 ақпан күні жазылған еді. Ол телеарналардан 11 ақпан күні Астана уақытымен сағат 20:30-да көрсетіледі. Димаштың бұл кезең үшін таңдаған «Күзгі мұң» әнін 2013 жылы «I am a singer» байқауында қытайлық әнші Ша Баолян орындаған болатын.

Димаштың анасы Светлана Айтбаева байқау кезінде ұлының қазақ тілінде де ән салатынын айтты.

https://www.youtube.com/watch?v=A3f6T1Oa4bo

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз