Нұр-Сұлтан
Қазір
0
Ертең
6
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Тағы бір несиелік рақымшылық жасау керек пе?: қолдаушылар мен қарсы шыққандар

212
Дереккөзі: sputnik.kz

2019 жылғы 9 маусымда елімізде Президент сайлауы өтті. 26 маусымда жеңіске жеткен Қасым-Жомарт Тоқаев көпбалалы отбасылар мен мүгедектерге кредиттік рақымшылық жасауды ұсынды. Шілде айында билік 1 маусымдағы жағдай бойынша кепілсіз қарыздар бойынша негізгі қарызды, оған қоса 300 мың теңгеге дейінгі мөлшердегі пайызды кешірді.

Қазір не болып жатыр.

2021 жылғы 10 қаңтарда республикада Мәжіліс сайлауы өтеді. Ағымдағы жылдың қыркүйек айының ортасында Мәжіліс депутаттары «Халық коммунистері» фракциясының атынан жеке және заңды тұлғаларға несие амнистиясын жүргізуді ұсынды. «Ақ жол» партиясының көшбасшысы Азат Перуашев пен сарапшылар қауымдастығы қарсы шықты. Бірақ коммунистердің популистік мәлімдемесін қолдаушылар көп болды.

Қоғамда

парламенттік сайлаудан кейін екінші несие амнистиясы болады деген үміт артып, күннен-күнге күшейе түсуде

«Қолдаушылар» мен «қарсы шыққандар»

Ekonomist.kz-тің негізін қалаушы Қасымхан Қаппаров екінші кредиттік рақымшылық жасауға пандемия мен экономикалық дағдарыс басты себеп болады дейді.

«Көбісі жұмысынан айрылды, сондықтан несиеге қызмет көрсете алмайды. Билік жеке тұлғалардың несиесін үш айға кейінге қалдырды (төтенше жағдай енгізілгеннен кейін),  ол қыркүйектің ортасында аяқталды. Қайтадан несие мерзімін кешіктіру тренді байқалады, бұл алаңдауға себеп болады», – дейді сарапшы.

Оның пікірінше, мұндай жағдайда тағы бір несиелік рақымшылық жасалады.

Алайда, статистикаға сәйкес

ағымдағы жылдың басында банктерде мерзімі өткен кредиттердің сомасы 1,8 трлн теңгені, ал 1 қыркүйектегі жағдай бойынша – 1,03 трлн теңгені құрады

Төмендегені байқалады.

«Zertteu Research Institute» ҚҚ құрылтайшысы, мемлекеттік қаржы жөніндегі сарапшы Шолпан Айтенова осы және басқа да факторлар рақымшылық жасауға болмайтынын дәлелдейді дейді.

«Бұның объективті алғышарты болуы керек және бюджетте екінші деңгейдегі банктердің шығынын өтейтін бос қаражат жоқ», – деп қосты сарапшы.

Ол рас айтып отыр. Бекітілген бюджетке сәйкес, 2021 жылы түсімдер 11,4 трлн теңгені, ал шығыстар – 14,049 трлн теңгені құрайды. Яғни бюджет тапшы болады деп жоспарлануда.

Бір реттік шара Қазақстанда ғана қолданылған жоқ

Каппаров 2019 жылғы шілдедегі рақымшылық бір реттік шара ретінде жарияланғанына келіседі. Сондай-ақ, ол оны жүзеге асырудың  ешқандай объективті себебі болмады дейді.

«Экономикада дағдарыс құбылыстары болған жоқ. Егер тағы бір рақымшылық жасау туралы шешім қабылданса, ол төтенше жағдай мен пандемиядан кейінгі қазіргі дағдарысқа байланысты болуы мүмкін», – деп атап өтті Ekonomist.kz-тің негізін қалаушы.

Алайда, ол биліктің рақымшылықты әлеуметтік қолдаудың тұрақты құралы ретінде қолдануының еш алғышарты жоқ деген пікірде.

«Бұл қарыз алушылардың мінез-құлқына және қаржы институттарының жағдайына теріс әсер етеді», – деді Қаппаров.

Өз кезегінде Айтенова бұл құралды көптеген елдер қолданғаны туралы айтты.

«2018 жылы бірқатар елдер өз азаматтарының қарызын есептен шығарды. Хорватия Үкіметі азаматтардың мемлекет алдындағы 178 миллион еуро, БАӘ – 100 миллион доллар, Грузия – 500 миллион доллар қарызын есептен шығарды.

Оның айтуынша,

 барлық жағдайда азаматтар міндеттемесін орындай алмаған, тұрақсыздық айыбы өскен кезде есептен шығару жүргізілді

«Бізде Қазақстанда кредиттерді қайта қаржыландыру бағдарламасын бірнеше рет іске асырдық, белгілі бір көмек көрсетілді», – дейді Әйтенова.

Смартфон мен жалпақ теледидар

Несиелік рақымшылық

кредит беру шарттарын қатаңдату және пайыздық мөлшерлемелердің өсуіне әкеледі

Каппаровтың айтуынша, ол қаржы институттарға  мен әлеуетті қарыз алушылардың несиелік тарихына теріс ықпал етеді.

«Бүгінде белгілі бір ойын ережелері бар. Қарыз алушы тәуекелдерді өз бетінше есептеп, соның негізінде несие алу немесе алмау туралы шешім қабылдауы керек. Банктер өз тәуекелдерін есептейді, барлығын пайыздық мөлшерлемеге салып, кредит беруді немесе бермеуді шешеді. Егер рақымшылық тұрақты әлеуметтік қолдау шарасы ретінде жасалса, бұл қарыз алушыларға деген сенімді төмендетеді», – дейді сарапшы.

Айтенова несиелік амнистия халықты әлеуметтік қолдаудың құралына айналмауы керек деп есептейді.

«Бұл жеке тұлғалар сыртқы себептердің қысымымен міндеттемесін орындай алмағанда қолданылатын төтенше шара. Мәселен экономикалық жағдайдың нашарлығы, жұмысын жоғалту және күн көріс құралдарынан айырылу себеп бола алады», – деп атап өтті ол.

Сонымен қатар, былтырғы рақымшылықтың салдары нашар болды. Бұл әсіресе тұтынушылық несиелерді есептен шығаруға қатысты.

«Аталған акцияның жақтаушысы және қарсыласы болуға болады. Жақтаушылар біз  Ұлттық қордан 2 трлн теңге бөліп банктерді құтқардық, енді неге адамдарды да құтқармасқа деп айта алады. Бір жағынан, не үшін «смартфон және жалпақ теледидар» үшін, яғни бірінші қажеттіліктен алыс заттарға алынған (тұтынушылық) кредиттерді жабу керек. Екінші жағынан, халықтың бір бөлігі – банкрот екенін мойындау керек», – деп ойымен бөлісті Әйтенова.

Өркениетті алаңға шығару керек

Ешкім

несиелік рақымшылық екі жақта да «жауапсыздық инстинктін» дамытады»

деген пікірге қарсы шыға аламйды.

Әлеуетті қарыз алушылар кез келген жолмен басқа несие алу мүмкіндігін іздейді. Банктер несиені ойланбастан береді. Біріншілері  ерте ме, кеш пе кешірім аламын деген түсінікке ие, ал соңғылары, кем дегенде, мемлекет арқылы қайтарып алатынына сенімді.

Бірақ ақыр соңында зиянын салық төлеушілер көреді. Адамзат салықтан басқа бюджетті толтыратын жақсы нәрсе ойлап тапқан жоқ.

Белсенді несие алатындар тағы бір несиелік рақымшылық күтеді. Несие алғысы келмейтіндер наразы болады.

Олар рақымшылықпен болған барлық оқиға олардың есебінен болады дейді және бұл орынды

Сондықтан Айтенова мәселені өркениетті өріске шығаруды ұсынады.

«Қаржы министрлігі Заң жобасын әзірлеп, алға тартқан болса да, бізде әлі күнге дейін жеке тұлғалардың банкроттық институты жоқ. Үкімет бұл процесті тоқтатты. Соңы қандай болатыны белгісіз бір реттік акцияны (2019 жылдың шілдесіндегі) өткізбес бұрын, алдымен заң процедураларды енгізіп, содан кейін есептен шығару керек еді» – деп атап өтті сарапшы.

Каппаров мәселені екінші жағынан қарауды сұрайды.

«Билік несиесін өтеп берген адамдар қара тізімге еніп, қаржы жүйесіне қолжетімділігін жоғалтады. Содан кейін ломбардтарға немесе микрокредиттік ұйымдарға жүгінетіндер қатарын толықтырады, олар жоғары пайыздық мөлшерлемемен қарыз береді», – деп қорытындылады сарапшы.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз