Батыс Қазақстан облысында мемлекеттік бағдарламалар аясында ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай көп қабатты 14 тұрғын үй (1500 пәтер) пайдалануға берілмек.

Бұл туралы Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов мәлім етті.
«Сондай-ақ өңірдегі бас шаһардың өзге шағын аудандарында, Ақсай қаласы мен аудандарда жаңа үйлер бой көтеруде. Бұлардың бірқатары осыған дейін тапсырылды. Қалған сегіз үйдің құрылысы желтоқсан айында мәреге жетеді. Олардың сапасын ұдайы қадағалаудамыз. Жаңа пәтерлердің басым көпшілігі кезекте тұрған азаматтарға беріледі. Тағы бір айта кететін жайт, осы құрылыс барысында 1500-ге жуық жұмыс орны ашылды. Мұның бәрі Елбасы тапсырмасына сәйкес жасалуда. 1500 пәтер аз емес, бұл біздің Тәуелсіздіктің торқалы тойына тартар ерекше сыйымыз болмақ», деді Алтай Көлгінов.
Айта кетейік, Зачаган кентінің тұрғындары аталған жаңа шағынауданды «Алаш» деп атау жөнінде ономастикалық комиссияға ұсыныс білдірді.