Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
8
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Сүт өнімдері 9%-ға қымбаттайды — таңбалаудың “арқасында”!

145

Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесі таңбалауға жататын сүт өнімдерінің тізімін және оны енгізу мерзімдерін бекітті. Ресейдегі процесті келесі жылы үш кезеңмен 1 желтоқсанға дейін аяқтау жоспарлануда.

Бірақ “Қазақстан Сүт одағы” ЗТБ атқарушы директоры Владимир Кожевниковтың айтуынша, билік аталған мерзімде орындауға тырысады.

Асықсаң күлкіге қаласың

Кез-келген істе асығыс жақсылыққа апармайды.

Оның үстіне, бұл экономиканың ең тиімді салаларының біріне қатысты болып отыр. Қайта өңдеу кәсіпорындарында жұмыс істейтін мыңдаған адамға кері әсер етуі мүмкін.

Бәрі қауырт жағдайда жасалып жатқаны бізді алаңдатып отыр

Владимир Николаевич әңгімені дәл осы сөйлеммен бастады.

Қазақстан өзін сүтпен қамтамасыз етті

— Неліктен Сүт одағы міндетті таңбалауды енгізуге қарсы?

— Алдымен бастамашылардың көздеген мақсаты туралы айту керек. ЕЭК құжаттарында көрсетілгендей, таңбалау Ресейде ойлап табылды. Мақсаты айқын: жалған өнімдермен күрес және салықты толық жинау тұрғысынан фискалдық қызметтердің мүдделері.

Бірақ одақтың дәлелдері айқын емес. Біріншісі — бүгінде Қазақстан өзін 85-90% сүт өнімдерімен қамтамасыз етіп отыр. Статистика комитетінің деректеріне сәйкес, Қазақстанда жалған сүт өнімдері шамамен 1%-ды құрайды.

— Аз ба?

— Бұл статистикалық қателік. Ресейде жүргізілген зерттеулер таңбалаудың экономикалық әсері жалғандық 16-17%-дан асқан жағдайда ғана оң болатындығын көрсетеді. Егер аз болса, шығындар теріс нәтиже береді.

— Бірақ таңбалау тауардың бақылануын қамтамасыз ете алады ғой…

— Бақылауды қамтамасыз ететінімен келісемін. Бірақ Қазақстанда бұл екінші аргумент, ол электронды шот-фактуралар, сапа сертификаттары арқылы қамтамасыз етілген, ал 2021 жылдан бастап тауарға ілеспе жүкқұжаттар енгізіледі.

Негізінде, фискалдық органдардың мүдделерін қамтамасыз етуді қоспағанда, бәрі қарастырылған. Сондықтан, сүт өнімдерін міндетті таңбалауды енгізудің мәлімделген мақсаттары мен шығындары бір-бірімен байланыспайды деп санаймыз.

Тұтынушыға бағаның өсуін түсіндіру қиын болады

— Алдымен қайта өңдеу кәсіпорындары таңбалауға қанша жұмсай алатынын түсіндіріп беріңізші?

— Бастапқы шығындардың өзі елеулі. Республикада “ДЕП” Қостанай зауытында пилоттық жоба іске қосылды.

Ол бір өндірістік желіге жұмсалатын шығындар шамамен 20 млн теңгені құрайтынын көрсетті

Кәсіпорын өнімнің барлық түрлерін (сүт, қоюландырылған сүт, айран, йогурт, ряженка, ірімшік, сүзбе өнімдері, балмұздақ майы және т.б.) өндіреді. Әр түрлі өнімдер әртүрлі желілерде оралады.

Сонымен қатар, шығындар жабдықты сатып алумен және орнатумен шектелмейді, өйткені QR кодтарын сатып алуға, қызмет көрсетуге және т. б. шығындар бар.

— Соңғы тұтынушыға қандай зардабы бар?

— Алдын ала есептеулер бойынша,

өнімнің өзіндік құнының өсуі шамамен 7-9%-ды құрайды. Өндіруші шығынға жұмыс істемейтіні анық

Әрине, шығындардың кез-келген артуы, оның ішінде таңбалау да бар, өнімнің өзіндік құнына кіретін болады. Бұл, әрине, көтерме және бөлшек сауда бағасының өсуіне әкеледі.

Жалған өнім немесе көлеңкелі айналым, май немесе спред

— Жалған өнім туралы айтсақ. Сіз ресми статистиканы келтірдіңіз, ол нарықта 1%-дан аз. Контрафактілік пен көлеңкелі айналымның арасында тікелей байланыс бар ма?

— Өкінішке орай, көптеген адам фальсификатты көлеңкелі айналыммен жиі шатастырады.

Сүт өнімдерін ешкім өтірік жасағысы келмейді

Бұл жерде экономикалық та, технологиялық та пайдасы жоқ. Сонымен қатар, жалғандықты жасыру қиын: сапа күрт төмендейді және мұндай өнімді ешкім сатып алмайды.

Сіз арақ немесе дәрі-дәрмектерді бұрмалап жасай аласыз. Мысалы, қысымды төмендететін препараттың орнына бор құйыңыз. Бірден анықтау мүмкін емес қой. Ал сүт өнімдерінің сапасы бүкіл өндірістік тізбек бойынша бақыланады.

— Барлығы тұтынушыны алдағысы келеді. Жапсырмада басқа сипат, ішінде басқа. Ондай да болады ғой?

— Әрине болады. Егер заттаңбада “май” деп жазылса және онда жануар майларының орнына өсімдік майы болса, бұл ЕАЭО техникалық регламентінің бұзылуы болып табылады. Бірақ егер өнім “спред” деп жазылса, онда ешқандай бұзушылық болмайды. Сондықтан спрэдтің бағасы майдан айтарлықтай төмен болуы керек. Бұл мәселе бақылаушы органдардың құзыретінде.

Таңбалау тек экспортқа қажет

— Сүт одағы билікке не ұсынады?

— Бірден айта кету керек, бүгінде отандық өндірушілер таңбалауды техникалық жағынан да, технологиялық жағынан да енгізуге дайын емес.

Біздің ұсынысымыз — таңбалауды пилоттық жоба аяқталғаннан кейін ғана және экспортқа шығарылатын өнімге ғана енгізу.

Ішкі нарыққа шығатын өнімдерге таңбалауды енгізудің қажеті жоқ немесе ерікті түрде енгізуге болады

— Бұл жеткілікті деп ойлайсыз ба?

— Жоқ, әрине. Сондай-ақ, біз мемлекетке таңбалауды ұйымдастыруға: тиісті жабдықтарды сатып алуға, орнатуға, QR-кодтарды сатып алуға және т. б. шығындардың бір бөлігін өз мойнына алуды ұсындық.

Билік бюджет есебінен таңбалау шығындарының бір бөлігін субсидиялауы керек

Тек осылай ғана бизнеске жүктемені азайтуға болады. Егер ірі өндірушілер таңбалауға ауыртпалықсыз ауыса алса, онда шағын және орта өндірушілер мұны көтере алмайды, сондықтан өндірісті тоқтатуға мәжбүр болады.

Еуропа мен АҚШ тәжірибесі

— Билік бұл ұсыныстарға қалай қарайды

— Мемлекеттік органдардың қатысуымен өткен соңғы кеңесте субсидиялау туралы сөз болды. Мемлекет тарапынан 25-30% беру туралы. Келіссөздер аяқталғаннан кейін қандай үлеске шығатынымыз белгісіз. Салыстыру үшін — АҚШ-та үкімет шығындардың шамамен 75%-ын өтейді.

— Жақында берген сұхбатында Сауда министрінің орынбасары дамыған елдерде таңбалау есебінен салық жинағы артқанын атап өтті. Алайда таңбалау нақты неге жасалғанын атамады.

— Мәселе сонда. Еуропада өнімнің үш түрі бар, олар үшін таңбалау қажет. Бұл темекі өнімдері, медициналық препараттар және халыққа арналған жарылғыш заттар.

Қалғанының бәрі ерікті негізде таңбаланады

Осыған сүйене отырып, біз үкіметтен еуропалық жолмен жүруді сұраймыз.

Ерікті таңдау

— Одақ неліктен ішкі нарықта таңбалаудың еріктілігін талап етеді?

— Негізсіз болмау үшін мысал келтірейін. Қандай да бір кәсіпорын өнімнің жаңа түрін жасап шығарды және өз брендін алға жылжытып жатыр делік. Сонымен қатар, басқа компания да тура сондай өнім жасап, оны сол брендпен сатады.

Бұл авторлық құқықты және салауатты бәсекелестік принциптерін бұзу. Сондықтан өндіруші өз өнімдерін нарықта қорғауға мүдделі, бұған ерікті таңбалау арқылы қол жеткізуге болады.

— Мен базарға жиі барамын, байқағаным, кейбір кәсіпорындар өз өнімдерін ерікті түрде таңбалайды.

— Міне, біз негізгі мәніне жеттік. Мысалы, Нұр-Сұлтан маңындағы Малиновкадағы құс фабрикасын өнімдерін таңбалауға ешкім мәжбүрлеген жоқ. Бірақ ол өз брендін дамыту және қорғау үшін таңбалау жасады. Өндіруші таңбалауға ықыласы болса мәселе жоқ.

Экономиканың орнына саясат

— Таңбалау тақырыбын Ресей алға жылжытуда. Бірақ онда да проблемалар ара-тұра туындап отырады. Дәрі-дәрмектерді таңбалау салдарынан дәріханаларда тапшылық туындағанын еске түсіруге болады.

— Ресейде медициналық препараттарды таңбалау енгізілген кезде “Меркурий” бақылау жүйесі істен шықты.

Өнімдер бөлшек сауда желісіне әкелініп, сол жерде қабылданғаннан кейін ол бөлшек айналымға түседі. Адам дәрі сатып алды, кассада кодты алып тастайды, осылайша тауар бөлшек саудадан шығарылады.

Егер бұл салада бірдеңе жұмыс істемей қалса, жүйе бұзылып, өнімдер бір жерде тұрып қалады. Ресейде дәрі-дәрмектермен дәл осы жағдай орын алды.

Сүт өнімдерін таңбалаудан кейін де осы жағдай қайталануы мүмкін

Егер таңбалау жүйесінде ақаулар шықса, мәселе өте күрделеніп кетуі мүмкін

Мысалы, тоң сатуда ақау болса бұл көп нәрсеге әсер ете қоймайды, себебі адамдар оны сирек сатып алады.

Бірақ егер сақтау мерзімі 72 сағат болатын сүт өнімдерін сатуда жүйеде ақау болса онда мерзімі өткен барлық тауарды жою қажет болады. Бұл кәсіпорынға орасан шығын. Ал бұдан кейін кінәліні ұзақ уақыт іздеуіңіз қажет — өндіруші, оператор немесе бөлшек сауда нүктесі, кім кінәлі?

Саясат экономикадан алда ма?

— Мүмкіндігінше таңбалауға қысқаша сипаттама бере аласыз ба?

— Мен оны экономикаға өте жанама қатысы бар саяси қадам деп атай аламын.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз