Нұр-Сұлтан
Қазір
-5
Ертең
-12
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Сыртқы және ішкі міндеттемелер бойынша мемлекеттің қарызы 43 млрд АҚШ долларынан асып кетті

397

2019 жылдың соңғы тоқсанында Ұлттық банктің қарызы тіпті 20%-ға немесе 568 млрд теңгеге артқан. Соның нәтижесінде жылдың басында Ұлттық банктің қарызы  3,418,6 трлн теңгені құрады.

Бұның  барлығы ішкі қарыз болғандықтан, Ұлттық банк жылдың соңында ақша нарығындағы теңгенің мөлшерден тыс өтімділігін болдырмау үшін жұмсады деп болжам жасауға болады. Орталық банктің регламенттік пресс-релизінде 2019 жылдың қорытындысы бойынша депозиттік аукциондар арқылы өтімділік көлемі 643,1 млрд теңгеге бағаланды.

Өз кезегінде Ұлттық банктің қысқа мерзімді ноталарының көлемі 2,9%-ға өсті. Нарық өтімділігін болдырмауға арналған осы құралдар бойынша орташа сараланған табыстылық мөлшері жоғары, өткен жылдың соңғы айындағы жылдық көлемі 9,39 -10,20% диапозонында болды. Оның басым бөлігі Ұлттық банк басқаруындағы халықтың жинақтаған зейнетақы қорының есебінен сатып алынады.

Мәселен, желтоқсанда жылына 9,41% -бен 416,2 млрд теңгеге осындай нота сатып алынды, ал 450,3 млрд теңге қарыз төленді.

БЖЗҚ мәліметтері бойынша, инвестициялық портфелдегі Ұлттық банктің ноталарының көлемі осы жылдың 1 қаңтарында 443,7 млрд теңгені құрады.

Өткен жылдың соңғы тоқсанында долларлық эквиваленттегі Ұлттық банктің қарызы –  21,9%-ға өсті.

2019 жылдың 1 қаңтарындағы мәліметтерімен салыстырғанда теңге эквивалентінің 2,9%-ға, доллар эквиваленті  — 2,2%-ға төмендегені байқалады.

Үкімет кімге қарыз

Үкіметтің қарызы сыртқы және ішкі бөліктерден тұрады. Олардың алғашқысы қазақстандықтардың жинақтаған зейнетақыларының есебінен толықтырылып отыр. Нәтижесінде 2020 жылдың басында БЖЗҚ инвестициялық портфеліндегі Қаржы министрлігінің Мемлекеттік құнды қағаздарының көлемі 3 трлн 924,3 млрд теңгеге жетті. Үкіметтің ішкі қарыздарының жалпы көлемі 2019 жылдың соңғы тоқсанында аз-маз, бар болғаны 0,5%-ға өсті.

Дегенмен, оның басым бөлігі ұзақ мерзімге алынған, Қаржы министрлігінің міндеттемелері — 5 трлн 13,8 млрд теңге.

Доллар эквивалентімен есептегенде үкіметтің ішкі қарызы 2,2%-ға,  яғни $18,482 млрд болған

Соңғы тоқсандағы теңге эквивалентіндегі сыртқы қарыз біршама төмендеген– 1,6%, бірақ доллармен алынған қарыз 0,1%-ға артқан.

Бір жыл көлемінде алып қарағанда көбінесе үкіметтің ішкі қарызы өскен. Теңге эквивалентінде 16,8%, доллармен 17,7%. 2020 жылдың 1 қаңтарындағы үкімет қарызының жалпы көлемі 12 трлн 851,7 млрд теңгені немесе $33 млрд 715,7 млн құрады.

Мәліметтер анықталып жатыр

Қаржы министрлігінің статистикасы бойынша мемлекеттік қарызға жергілікті атқарушы органдардың, яғни әкімшіліктердің қарыздары да кіреді.

Жалпы алғанда осы жылдың басындағы мемлекеттік қарыз  7,1% жылдық өсімімен есептегенде, 16 трлн 486,8 млрд теңгеге (43 млрд 252,1 млн) жетті. Бірақ бұнымен біткен жоқ, мемлекет қарызының соңғы тармағына мемлекеттің кепілдендірілген қарызы ($2 млрд 16,1 млн) мен мемлекеттің кепілгерлігі бойынша қарызы ($80,3 млн) қосылады. Осы екі компонент мемлекеттің қарыз міндеттемелеріне аса әсер етпейтінін байқауға болады.

Мемлекеттік қарыздың құрылымы

2020 жылдың 1 қаңтарындағы мемлекет кепілдендірген, мемлекеттің кепілгерлігімен алынған және мемлекеттің қарызы

Көрсеткіштердің атауы

мың теңге

мың АҚШ долл

р\с

I

Мемлекеттік қарыз 

16 486 847 268

43 252 131

1

Қазақстан Республикасы үкіметінің қарызы

12 851 748 051

33 715 694

1.1.

ішкі:

7 045 285 888

18 482 832

1.1.1.

Мемлекеттік орташа маңызды қазыналық міндеттемелер

703 367 604

1 845 237

1.1.2.

Мемлекеттік ұзақ мерзімді қазыналық жинақтаушы міндеттемелер

1 326 228 807

3 479 272

1.1.3.

Мемлекеттік ұзақ мерзімді қазыналық міндеттемелер

5 013 793 600

13 153 349

1.1.4.

Басқа да міндетемелер

1 895 877

4 974

1.2.

сыртқы:

5 806 462 164

15 232 862

1.2.1.

Халықаралық  қайта құру және даму банкі

1 405 223 238

3 686 508

1.2.2.

Азиялық Даму Банкі

632 330 352

1 658 876

1.2.3.

Европа Қайта құру және Даму банкі

64 273 150

168 616

1.2.4.

Ислам Даму Банкі

45 255 224

118 724

1.2.5.

Кувейт Араб экономикалық даму  Қоры

1 565 214

4 106

1.2.6.

Абу-Даби Даму Қоры

673 308

1 766

1.2.7.

Жапон Халықаралық серіктестік агенттігі

160 486 942

421 027

1.2.8.

Германия Үкіметінің Кредиттік агентігі

3 678 737

9 651

1.2.9.

Шетелдік коммерциялық банктер

76 236 000

200 000

1.2.10.

Еурооблигациялар

3 416 740 000

8 963 587

2

ҚР Ұлттық банкінің қарызы

3 418 560 065

8 968 362

2.1.

ішкі

3 418 560 065

8 968 362

2.2.

сыртқы ішкі

3

ҚР жергілікті атқарушы органдарының қарызы 1  

846 655 200

2 221 143

3.1.

ҚР үкіметінің алдында

630 116 047

1 653 067

3.2.

Басқа да кредиторлардың алдында

216 539 152

568 076

II

Мемлекет кепілдендірген қарыз

768 487 025

2 016 074

1

ішкі

172 283 064

451 973

2

сыртқы

596 203 961

1 564 101

III

Мемлекет кепілгерлігі бойынша алынған қарыз

30 623 891

80 340

1

ішкі

30 623 891

80 340

2

сыртқы

Мемлекет кепілдендірген, мемлекеттің кепілгерлігімен алынған және мемлекеттің қарызы (I + II + III)

17 285 958 184

45 348 544

Ескерту:

Жергілікті атқару органдарының қарыздық міндеттемелерінің мәліметтер базасын құру және олады салыстыру процесі аяқталғаннан кейін қарыз көлемін нақтылау керек

Анықтама үшін: 31.12.2019 ж. АҚШ долларының курсы. — 381,18 теңге

Дереккөзі: ҚР Қаржы министрлігі, ҚР Ұлттық банкі

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз