Алматы облысы Іле ауданына қарасты Боралдай ауылы маңында қамыс арасынан шамамен 35-40 жастағы ер адамның денесі табылды, – деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Облыстық ІІД баспасөз қызметі кісі өлтірді деген күдікпен күл-қоқыстан темір-терсек теріп жүрген жергілікті тұрғын ұсталғанын мәлімдеді. Күдікті өзінің кінәсін мойындағанымен, марқұм бір әйелді зорламақ болғаны үшін осылай жасағанын айтқан. Оның бұл мәлімдемесін куәгер ретінде шақырылған әйел де растап отыр.