Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
16
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

“Сұмдық қой”. Қыздың жетімдігін бетіне басып, келін етіп түсірмей қойған әйел бар

Осындай жақсы хабармен өңір басшысының орынбасары Жақсылық Омар өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісіпті.

«Өткенде «Жетісу» телеарнасының «Болмыс» бағдарламасында Гүлім Нүркебаеваның тағдырын естіген ел егілді. Содан кейін, арнайы Аналар үйіне барып, таныстым.

Бар жағдайдан хабардар болған облыс әкімі Амандық Ғаббасұлы Гүліммен кездесіп, Талдықорғаннан пәтер берді.

Сәбиімен 6 айлық реабилитациядан өткеннен кейін өз үйіне ие болады», – деп жазған Жақсылық Омар.

Гүлім Нүркебаева Кербұлақ ауданында дүниеге келген. Ол 12 жасынан бастап туған сіңлісі екеуі «Айналайын» балалар үйінде тәрбиеленген. Анасынан ерте айырылған Гүлім әкесінен бейхабар. Айтуынша, ол екі жаста болғанда, анасы әкесімен  ажырасып кеткен. Тағдыр тәлкегіне ұшыраған жәудір көз әр жерде жұмыс істеп, нәпақасын тапқан. Колледжде білім алып, маман атанған.

https://kaz.365info.kz/batalov-khazakhstannyn-18-millionynshy-tyrgynyna-pater-syjlajdy-291876

24 жастағы Гүлім Нүркебаеваның айтуынша, алты жыл көңілі жарасқан жігітінің ата-анасы оның жетімдігін бетіне басып, үйленулеріне түбегейлі қарсылық білдірген.

«Менің туыстарым бар, мына жетім қызды келінім деп елдерге қалай көрсетемін. Егер осы қызға үйленетін болсаң, мен анаңмен ажырасып кетемін. Тойымызға үш күн қалғанда әкесі осылай қарсылық білдірді», – деген болатын «Болмыс» бағдарламасы барысында Гүлім.

Оның сөзіне қарағанда, кейін сүйіктісінің үйіне аяғының ауыр екенін  айтып барған. Бірақ  жігіттің әке-шешесі түн ортасында үйден қуып шыққан. Барар жері, басар тауы қалмаған ол қазір аналар үйінде тұрып жатыр.

Ол өзінің тұрғылықты мекен-жайының дұрыс болмауына байланысты дүниеге келген баласына жәрдемақы да ала алмаған. Гүлімнің өзінен үлкен екі апайы бар.

«Бірақ олардың маған көмек көрсететін шамасы жоқ», – дейді ол.

Айта кетсек, Алматы облысының әкімдігі 2015 жылы Талдықорғанда 60 пәтерлі көпқабатты үй салып, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға берген болатын.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз