Нұр-Сұлтан
Қазір
14
Ертең
15
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

“Сұмдық-ай…”. Балаларға арналған қазақша анайы әңгіме кітап шығыпты (фото)

1041

Бұл кітаптың мәтінін әлеуметтік желі қолданушысы өз парақшасына жүктеген екен.

“Ағайындар, мынау не деген ертегі?  Әлде бұл бір, “заманына қарай киімі, зердесіне қарай түйіні” демекші, қазақтың қазіргі мәдениетіне келген, қазіргі әдебиетімізге келген, қазақтың ертегісіне келген мен секілді “ескінің” адамы түсіне бермейтін жаңашыл бір стиль ме екен??

Енді білетіндеріңіз болса, айтып жіберіңіздерші, мынадай мәтіндегі сап-сары сағынышпен аяқталатын сазды әңгімелерді балаға қалай оқытамыз??”, – деп жазады Ася Асеткина есімді Facebook қолданушыcы.

 

Ол кітап авторы мен атауын, қай жылы шыққанын суреткен түсіріп көрсеткен.  Онда кітаптың 2011 жылы шыққаны жазылып тұр.

 

Кітаптың алғы бетінде “ҚР Байланыс және ақпарат министрлігі, Ақпарат және мұрағат комитеті, Әдебеттің әлеуметтің маңызды түрлерін басып шығару” бағдарламасы бойынша шығарылды”, – деп жазылған.

Редакция алқасында Мұзафар Әлімбаев, Сұлтанбай Қалұлы, Сейфолла Оспан, Болат Үсенбаев деп көрсетілген.

 

“Жолың болсын” деп аталатын кітапта “Труси мен көйлек” атты әңгіме бар. Желі қолданушылары әңгіме мәтінінің қате әрі мән-мағынасыз жазылғанын айтып, сынға алды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз