Нұр-Сұлтан
Қазір
-7
Ертең
-12
USD
420
-0.42
EUR
510
-1.68
RUB
5.72
0.00

Сылқым қыздардың әуретті жеріне массаж жасайтын жігіт сырымен бөлісті

1326

https://kaz.365info.kz/khalaulymga-khajta-kelgen-zamiranyn-zhana-obrazy-kopshilikke-zhakhpaj-khaldy-328199

«Адамдарда қозғалыс аз. Тамақтану тәртібі де қалыпты емес. Осыдан түрлі аурулар пайда болып, дене пішіні де қалпынан өзгереді, артық салмақ жиналады. Бойға жиналған тұзды да массаж арқылы шығарамыз. Мұндай он күндік курстан кейін адам өзін жеңіл сезінетін болады. Маған көбіне еріншек қыздар келеді. Спортпен айналысып, жүгіргісі келмейді. Жалқау қыздар бір күндік массажбен арықтап кетуді армандайды. Кем дегенде 12 курс алу керек. Кейбір адамдарға оның өзі аз болуы мүмкін», – дейді Ермек.

Қыздардың бөкселерін арықтатып жүрген массаж жасаушы жігіт бір күндік жұмыс күні қалай өтетінін айтып берді.

«Таңертең жұмысқа келген бойда еденді жуып, кабинетімнің ішін тазартып қоямын. Келген адамға бір реттік іш киім беріледі. Жоғары деңгейдегі таза жерде қызмет көрсетіледі. Күніге тек 5 адам қабылдаймын. Одан артық адам алу мүмкін емес. Физикалық жағынан шаршайсың. Жұмыс уақытым таңертең сағат 10:00-ден  кешкі 22:00-ге дейін. Массаждың әсер етіп, нәтиже беруі адамның өзіне байланысты. Күнделікті курсты жібермеу керек», – дейді ол.

26 жастағы жігіт қыздардың көңілінен шығу арқылы келушілердің санын көбейткен. Олардың дені арықтау үшін жалаңаш жатып, бөксе уқалауды таңдайтын болып шықты. Жас жігіттің дене пішініне қызыққан қыздар массаж кезінде көңіл де білдіреді екен.

«Кейбір қыздар көңіл білдіріп жатады. Бірақ мен мұндайларға көңіл бөлмеймін. Тек келушілердің сұранысына сай массаж ғана жасайсын.Кейбір қыздар келген соң шешінуге ұялып жатады. «Жалаңаштанып шешінуіміз керек пе?» деп көздері бақырайып тұрады. «Киіммен жата беріңіз, соның үстіне май құямын. Оны денеңіз емес, киіміңіз сіңіріп алатын болады» деп әзілдегеннен кейін шешініп жатады. Басында ұялған қыздар кейіннен үйреніп кетеді»,-дейді ол.

https://kaz.365info.kz/kholyn-tygyp-suyryp-aldy-tojdagy-tagy-bir-adepsiz-zhajt-zhelige-tarap-ketti-video-327976

 

Ермек отбасылы жігіт, екі баланың әкесі. Жұмыстан бос уақытында спортпен айналысады. Ол сырт пішініне үлкен көңіл бөлетінін айтты.

“Кейде төске де массаж жасаймын. Ондай массаж түрі денсаулыққа пайдалы. Әйел адамдарға түрлі аурудың алдын алуға көмектеседі. Олар жай қозғалыспен жасалынады», – дейді ол.

Бөксе майларынан арыламын деп келгендердің қатарында күйеулерінен жасырып келетін келіншектер де бар.

«Келушілердің көбі өздерін жасырын ұстайды. «Жігітім сізге келетінімді естісе шалқасынан түседі» дейтін қыздар көп. Күйеуінен тығылып келетін келіншектер де бар. Қыз-келіншектер сұлу болып көріну үшін барлығына дайын. Бөкселері үлкен қыздар 10 курсқа ғана келеді. Ол жеткіліксіз, денеге жиналған артық май оңайлықпен кетпейді. Денені қалыпқа келтіретін массаж кезінде адамның жасы да әсер етеді. Жас қыздардың денесін қалыпқа келтіру жеңіл. Әйелдермен көп жұмыс істеу керек»,-дейді Ермек.

https://kaz.365info.kz/khym-toltyrgan-shygysta-asylyp-khalgan-zhas-kasipkerge-khatysty-symdykh-derektin-beti-ashyldy-327706

 

Массаж жасаушы жігіт келушілердің дені өздерін күтетін, жағдайы жақсы қыздар екенін жасырған жоқ.

«Маған келген бір апай қолымда био тоқ барын айтты. Массаж кезінде денені қолым қыздырады. Өзім қолымның ыссылығын ол кісі айтқаннан кейін байқадым. «Дәрет алып, фатиха сүресін оқып, массаж жасайтын болсаң, ем болады» деген кеңес айтты. Оны болашақта көретін боламыз»,-дейді массаж жасаушы.

 

https://kaz.365info.kz/kelin-dep-tysirgeni-atakhty-zhezokshe-eken-bizdin-auyldagy-okhiga-273664

 

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2021 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз