Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
6
USD
430
-2.45
EUR
505
-1.23
RUB
5.55
+0.03

“Сүйреп, лақтырып жатыр”. Шымкентте сот орындаушылары базарды жабуда (видео)

Шымкенттің ыстық таңы бұл саудагерлер үшін бүгін қарбаласпен басталды. Сауда жасайтындармен талай жыл алысқан қалалық тұрғын үй-коммуналдық мекемесінің арызын сот қанағаттандырған. Шілденің 27-і күні шыққан шешім бойынша жабайы сауда орындары жойылуы керек. Тек, сот шешімін ертесіне ғана таныстырған сот орындаушылары екі күнде дүңгіршектерді бұзамыз деп таныстырған. Ал, қысқа уақыт ішінде дүниемізді әкете алмаймыз дегендер өз орындарын бұздыртпай әлек салды.

https://kaz.365info.kz/pozorit-etpesej-ylykhpan-zholdasovtyn-ersiz-videosy-zhelini-shulatty-video-325672

Бірақ, саудагерлерді тыңдаған ешкім жоқ. Полицейлер сатушыларды ұстап, арнайы әкелінген техника бірден қиратуға көшті.

Талай мәрте ескертіп, одан түк нәтиже шықпаған соң жергілікті билік бұл жолы ешкімге алдын ала айтпастан бұл жерді қиратуды жөн санаған сияқты. Саудагерлердің кейбірі естен танып құлады. Оларды жедел-жәрдемге сүйресе қарсылық танытқан бірнеше әйелді тәртіп сақшылары қолдарын байлап, полиция учаскелеріне әкетіп жатты.

“Бізді адам баласы бармайтын жерге лақтырып жатыр.  Біз мына жерді әдемілеп соғып береміз дегенге кредитке апарат алдық. Тауар алдық. Бутик соқтық”, дейді бір саудагер.

Саудагерлердің көбі бұл жерге 100 бен 200 мың тг аралығында ақша төлеп келгенін айтады. Бірақ, нақты кімге бергендерін айта алмады.

https://kaz.365info.kz/ajtpa-dedim-goj-tyrsynbek-khabatov-ajeli-zhajly-shyndykhty-zhajyp-saldy-video-325666

“Мына сот орындаушы әйел аренданы әкел деген кезде кабинетіне дейін апарып бергем осыған.

Осы әйел бұзды бізді. Айына 200 мың алып тұрды.

Осы жердегі адамдардан жинап, мен апарып бергем. Ай сайын алып отыратын Тойшыбекова апай, ай сайын алатын”,дейді олар.

 “Тыңдаңыздар, мен ақша алған адам емеспін. Айта береді олар, нақты факт бар ма? Бетіме кәдімгідей қойып берсін. Егер де  дәлелдей алмаса үстінен арыз жазып, бір күнде үстінен іс қозғатам”, дейді ақталған Тойшыбекова апай.

Кімнің ақша беріп, кімнің ақша алғаны сол күйі белгісіз күйінде қалды. Ал, қаланың ажарын құртып тұр делінген 40 шақты дүңгіршек тып-типыл етілді. Жергілікті билік бұл саудагерлерге іргедегі базардан 3 ай тегін сауда жасауға орын да беріп тұр. Бірақ, ретсіз саудаға үйренгендер ресми базарға барғылары жоқ.

https://kaz.365info.kz/oralda-kelinin-pyshykhtap-oltirgen-khajyn-atasynyn-isi-turaly-zhana-malimetter-shykhty-video-325669

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз