Канн кинофестивалінде «Үздік әйел рөлі» номинациясының жеңімпазы атанған актриса Самал Есләмова өзінің тәрбиелік мағынасы жоқ фильмдерге түспейтінін айтты.
Бұл туралы sn.kz хабарлады.
Самал Есләмоваға Канн кинофестивалінен кейін отандық фильмге шақыртулар түсе бастаған. Бірақ актриса қазаққа жат ерсі әрекеттері бар киноларда ойнай алмайтынын жеткізді. Айтуынша, оған көбінесе ана рөлін сомдау бұйырады екен.
Бұдан басқа актриса алдағы уақытта шетелдік фильмдерге түсуге шақыртулар болып жатса, бас тартпайтынын жеткізді.
Айта кетейік, Самал Есләмова түскен режиссер Сергей Дворцевойдың «Айка» фильмі Қазақстанда қыркүйек айынан бастап көрсетілмек.