Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
14
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Сүйіктісінің интим суреттері бар смартфонын жоғалтқан астаналықтың басы бәлеге қалды

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері смартфонды күдіктілерден тәркілеп, көшірілген суреттерді де тапқан, сонымен қатар әлеуметтік желіде жазысқан хаттарды да анықтаған.

Күдіктілер қамауға алынды.  Күдіктілер өз кінәсін толығымен мойындады. Жәбірленушімен өзара мәмілеге келіп, бас бостандығын айырмауды сұрады.

“Сотталушылар өзінің заңсыз әрекеттерімен ҚР Конституциясының 18-бабы (“Әркімнің жеке өміріне қол сұғылмауына, өзінің және отбасының құпиясы болуына, ар-намысы мен абыройлы атының қорғалуына құқығы бар”), 34-бабы (“Әркім Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеуге міндетті”) және 26-баптың 3-бөлігі (“Соттың шешімінсіз ешкімді де өз мүлкінен айыруға болмайды. Заңмен көзделген ерекше жағдайларда мемлекет мұқтажы үшін мүліктен күштеп айыру оның құны тең бағамен өтелген кезде жүргізілуі мүмкін”) бойынша азаматтық құқықты бұзды”, – делінген үкімде.

Сот екі астаналықты алдын ала келісім бойынша топ болып бопсалау қылмысын жасағаны үшін үш жылға шартты түрде соттады және қылмыстық жолмен келген мүлкін тәркілеуді де бұйырды. Сонымен қатар, сот бір сотталушыны жылына 200 сағат жұмыс істеуді міндеттеді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз