Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
4
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Сүйіктісімен суретке түсіп желіні шулатқан ұлы мен болашақ „келіні„ жайлы Медеу Арынбаев не біледі?

785

Бір қызығы, әлеуметтік желіде таралып, жұртшылық арасында талқыланып кеткен сурет туралы Медеу Арынбаевтың өзі хабарсыз екен. Себебі әншінің жеке Instagram парақшасын өзі емес, көмекшісі жүргізеді.

“Мұндай суретті көрмеппін. Бірақ достасып жүрген қызының бар екенін білемін”, – дейді әнші ағынан жарылып.

https://kaz.365info.kz/meni-darethanada-khamap-khoyatyn-roza-rymbaevanyn-kishi-yly-shyndygyn-ajtty-271757

Әнші ұл-қызымен еркін әңгімелесіп, кез-келген тақырыпта қолдап, сөз қозғайтындығын да айтты. Осының себебінен, үйленетін шешім қабылдаса, ұлы өзіме келіп бірінші айтады , дейді әнші.

https://www.instagram.com/p/BT4S0-jlyoD/?taken-by=arynbayev

View this post on Instagram

Family❤️

A post shared by Daulet Arynbayev (@arynbayev) on

“Арамызда аса бір қатал қарым-қатынас жоқ. Ашық әңгімелер айтамыз, қалжыңдасып жатамыз. Ұлым мен қызымды солай тәрбиелеп жатырмын. Арамызда әкенің парызы былай, баламен арасындағы қарым-қатынас бұрынғыдай емес қой, қазіргі заманға сай болып жатқан сияқты. Ол кезде жеңгейтайлар болды ауылда. Оларға қалжыңдап, ата-анамызға жеткізіп жатты. Ал қазіргі кезде аса бір қорқатын, қаймығатын кез емес. Үйленетін болса тарс еткізіп: “Папа, осылай болып қалды”, – деп жүрмесе болды, Құдай сақтасын. “Абайла” деп қоямын, қалжыңдап болсын, жанамалап болсын жеткізіп жүрмін ғой. “Абайлап басыңдар қадамдарыңды, әлі өмір алда” дегенге келтіріп жатырмыз. Енді махаббат болып жатса ештеңе демейсің. Махаббатқа бәріміз бас иеміз, сенеміз”, – деп түйіндеді сөзін Дәулет пен Даянаның әкесі.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз