Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

“Сүйіктімнен айырмаңдаршы!”. Ғашығымен қосылғысы келген Тұрсынға Қасымов көмектесе ме? (фото)

188

Осыдан екі жыл бұрын Талдықорғанда жүрген Тұрсын Жазира есімді арумен таныспай ма. Қос ғашық бір-бірін алғаш көргеннен-ақ ұнатқан. Құлай сүйген. Алдағы уақытта отбасын құруға уағдаласқан. Бірақ, бір кілтипан бар.

Жазира Қытайда тұрады. Төлқұжатында Қытай азаматы деп жазылып тұр. Бәлкім, бұл да кедергі болмас еді.

Былтырғы жылдың 7 маусымында Жазира Иманәлі  Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 517 бабының 2 бөлігімен кінәлі деп танылып, Қазақстан Республикасынан әкімшілік жолмен шығарылып жіберіледі. Солай. Ғашықтар бір-бірінен қол үзеді.

Бірақ, көзден кетсе де, көңілден ұмыт болмаған. Тұрсын ғашығы үшін, сүйіктісін қайтару үшін күресуге бел буады. 

“Ең қиыны, «Халықтың көші-қоны туралы» (2011 жылғы 22 шілдедегі № 477-IV) Заңының 49-бабының «5) Қазақстан Республикасының шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы заңнамасын бірнеше рет бұзған;» деген нормасы ескерілместен, бірінші мәрте әкімшілік құқық бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарылып жіберілгені болып тұр”, – дейді ол.

https://kaz.365info.kz/9-zhasar-yzdy-tilegi-oryndaldy-242646

Міне, содан бері бір жыл өтті. Жазира Қазақстанға әлі төрт жыл бойына орала алмайды. Ал Тұрсын қайтпек? 

Әй, азамат екен. Жігіттің екі сөйлегені өлгені ғой. Сүйіктісіне әуел баста берген уәдесін орындады –

жақында  ҚХР-ға барып, Иманәлі Жазирамен заңды некеге тұрып келді ол.

“Шынымды айтсам, төрт жыл тосу мен үшін оңайға соғып тұрған жоқ.

Бейбіт күнде ескі заманның қатал заңына ұшыраған ғашықтардың күйін кешу қиын екен, Қалмұханбет ағатай!”

– дейді ғашық жүрек. 

Тұрсын Бөрібай отбасының сүт кенжесі екен. Әкесі Нұрсапа миына қан құйылып, ауыр халда жатқан жайы бар. Бір арманы бар, бірақ.

“Баламның тойын жасап, немере сүйсем” дейді. 

«Екі жасты қосқан алғыс алады, екі жасты айырған қарғыс алады!» деген аталы сөзді ұстанған Тұрсын болса күні кеше «Нұр Отан» партиясы республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінде Қасымовтың орынбасары Рашид Жақыповтың қабылдауында болып, осы хатты тапсырыпты.

“ҚР Ішкі істер министрі лауазымыңызбен, Полиция генерал-лейтенанты мәртебеңізбен менің шаруамды өз қолыңызға алып,

алыста қалған келініңіздің Атажұртына оралуына, сыңарына қосылуына көмектесуіңізді өтіне сұраймын! 

Сонымен қатар,

Сізді өмірде бір рет қана болатын отбасын құру тойымыздың құрметті қонағы болуға шақырам!” дейді ол.

Қасымов қайтер екен?  Көмек көрсетер ме екен? Қол ұшын созар ма екен?  Созуы тиіс. Солай деп сенеміз.  

Білсек, Қасымовтың жүрегі жұмсақ. Бұдан бұрын 9 жасар Мейіргүлдің тілегін орындап, ата-анасымен қауыштырған осы Қасымов болатын.

Демек, Тұрсын күдерін үзбесін. Ғашығымен қосылып, екі жарты бір бүтін болар шағы жақын деп сенейік. 

 

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз