Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
9
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

“Сүйегімді сүйреп әуре болмаңдар…”. Мағауин қандай мәлімдеме жасады?

Бір ойланбаған нәрсе,

1930-1940 жылдар аралығында латын әліпбиін қолдандық, бірақ соған қараған бір адам жоқ.

Ол бұрынғы А.Байтұрсыновтың арабша төте жазуы үлгісінде жасалған болатын. Мен жоғарыдағы нашар нұсқа өтіп кетер ме екен деп қатты алаңдаймын, өйткені, жалдамалы жандайшаптар пайда болды, солар «осы нұсқа жақсы екен, кейін үйреніп кетеміз» дейді, соған қарағанда жоғарыдан нұсқау берілген сияқты, «компьютердің перне тақтасындағы 26 әріпке сыйдырыңдар» деп, сонан кейін де бәрі жалтақтап отыр.

https://kaz.365info.kz/lakhap-aty-zhamila-abilyazovtin-ashynasy-turaly-ashhy-shyndykh-294604

 

Бұл қазақтың руханиятына ғана емес, бүкіл болашағына қатысты нәрсе. Осындай дүниелерге өз пікірін ашық айта алмаса, ондай зиялының бізге көк тиынға керегі жоқ.

Ертең «мынадай әліпбиді мойындамаймыз» деп жұрт балаларын орысша мектепке бере бастайды әлі.

***

«Мұсылман діні күшейіп келе жатыр» деп қуанып едік, бұл жаңа ағым қазаққа жау болып шықты. Өйткені олар қазақтың салт-дәстүріне қарсы, тіпті Құран қалыптастырған діни терминдерді бұзды. Қазақ бұрын «шариғат» дейтін еді, бұлар «шарият» деді, Алланы «Аллах» дейді.

Арабшаның өзінде «Аллах» емес екен.

Олар айтса керек еді: «Ұлттың тілін сақтаңдар, әдепті болыңдар, ата-ананы сыйлаңдар», – деп. Бұларда ол жоқ, барлық насихат қазаққа қарсы: «Келін ата-енеге иіліп сәлем салмауы керек, Аллаға ғана иілуі керек» дейді. Келін ата-енеге ғана емес, жасы үлкеннің бәріне иіліп сәлем береді.

«Бейіт салуға болмайды, ас беруге болмайды», – дейді. Бұл – қазаққа қарсы шыққан нәрсе, ал қазаққа қарсы шыққан нәрсе жойылуы керек, оған қарсы күресуіміз керек.

https://kaz.365info.kz/aj-yyat-emes-pe-mejrambek-bespaev-ashhy-shyndykhty-ajtty-291334

***

Әнеугүні шекарада бір жесір әйелді тонап, 50 мың долларын тартып алды. Басында ол ақшаны өздері қымқырып қалғысы келген, артынан әңгіме шыққаннан кейін барып кассаға өткізген, ақыры қайтарып берітін болды деп естідім. Ал енді

сол адамдарға «шара қолданды» дегенді естімедім.

Сонан кейін Ұзынағашта үш жігіттің 40 сиырын тартып алып, өздерін өлтіріп кетті. «Сұраушысы болмайды» деп ойлаған. Артынан ел шулаған соң, біреулерді соттаған болды, бірақ олар меніңше бір-екі адам емес, ұйымдасқан топ.

Оңтүстікте 250 қазақты «құжаттары дұрыс емес, Қытайға қайтарамыз» дейді. Осының бәрі сырттағы елдің атажұртына келуіне бөгесін болып жатыр. Жаңаөзеннен кейін азаматтық беруді бес жылға шегерді, сонан соң жұрт жабылып жазып еді, төрт жыл деді, енді рас болса бір жылға қысқартты дейді, бірақ оның өзі де белгісіз. Осының бәрі – қазаққа жасалып жатқан қысас. Қазақтың келешегі – көптігінде, шетелдегі қазақтардың бәрі келуі керек.

***

Біздің билік орыстан, шешеннен, ұйғырдан, тәжіктен қорқады, тек қазақтан ғана қорықпайды. Қазақтың арқасында министр, президент болып отырғанын ойламайды да.

https://kaz.365info.kz/bajkhashy-rinat-rinat-zajytov-tagy-da-khatty-ajtkhan-eken-video-288742

Екіншіден, неге әу бастан Қазақстанда оппозиция әлсіз болды? Өйткені мемлекет қазақтікі болғанымен, қазақтар 40-ақ пайыз болды, ал орыстілді басылымдар қазақты күн сайын жерге тығып жатты, тіпті мемлекеттен қаржы алып отырған «Казахстанская правда» қазақты жамандай бастады.

Осы кезде қазақтар, біз де билікті жамандай бастасақ, мемлекеттің іргесі шайқалар еді.

Бірақ, оны билік ұққан жоқ, қазақтың қорқақтығы, ездігі, нашарлығы деп ойлады. Содан артынан оппозиция шықты, бірақ олар ұлттық мүддені емес, өздерінің жем жейтін астауын ойлады.

***

Соңғы кезде «қазақтарды қалаға келтірмеу» деген саясат басталды. Оның бірінші басқышы: «қазақтар барған жеріне тіркелуі керек» дейді. Сөйтіп ауылдан қалаға жұмыс іздеп келген қаншама қазақты қуды, тоталитарлық мемлекеттегі сияқты еркін жүріп-тұруына тиым салды. Неге?

Өйткені, қаланың халқы қазақтанып барады, егер кешегі Желтоқсандағы сияқты бүлік болатын болса, қаладағы қазақтың балалары көтеріледі, мақсат – соларды келтірмеу.

Бұл – қазаққа қарсы саясат, ауылда жұмыс жоқ, сонда қазақ күнін қалай көреді? Билік о бастан қазақтың көбеюіне қарсы болды, қазақ тілінің аясын шектеді. Мемлекеттік қызметкерлерге талап қоймағанның өзінде «Болашақ» бағдарламасымен шетелде оқитындарға қазақ тілін білуді міндеттеу керек еді, олар бұған «жақсы балалардан айырылып қаламыз» деп сылтау айтты. Ана тілін білмеген бала – жақсы бала емес. Егер сондай талап қойсақ, бәрі бір-ақ жылда үйреніп алатын еді. Осыны өз балалары қазақша білмейтін биліктегілер созып келеді…

***

Прагада 6 жыл тұрдым, содан соң үш жылдан астам Карлова Варыда тұрдым. Балам Америкаға жұмыс бабымен кетіп еді, сонда бардым. Және өсиет айттым: «мен ешқашан елге қайтып оралмаймын» деп. Балама да айттым

«өлмейтін адам жоқ, өле қалсам сүйегімді елге сүйреп әуре болмаңдар, қай жерде өлсем, сол жерге қойыңдар» деп.

Мұсылман зираттары Америкада да бар. Тіпті былай деп те айттым, бірақ оған бәйбішем рұқсат бермес, әдетте әйелің артта қалады ғой: «мүмкін менің сүйегімді өртерсіңдер» деп. Өйткені, біздің арғы балаларымызда мұндай дәстүр болған, кейін Смағұл Садуақасовтың сүйегін өртеді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз