Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Сусындарды таңбалау: жалғандықтан құтылу ма, әлде адал бизнеске жаңа салық па?

122

2021 жыл 1 шілдеден бастап Қазақстанда қапталған су мен алкогольсіз сусындарды таңбалаудың жартыжылдық пилоттық жобасы басталды. Өнім айналымын бақылау бойынша кезекті құралдың пайдасына мемлекеттік органдардың басты дәлелі адамдардың денсаулығы мен өмірін қорғау мақсатында фальсификатпен күрес болып табылады.

Ниет, әрине, жақсы. Оның үстіне, Қазақстанда темекі өнімдері міндетті түрде таңбалануға жатады. 1 қарашадан бастап аяқ киімді міндетті түрде таңбалау басталады. Алкоголь өнімдері бойынша пилоттық жоба әзірге тоқтатылды, сүт өнімдері бойынша пилоттық жоба жалғасуда. Фармацевтикаға келетін болсақ, пилоттық жоба аяқталды және қазір нәтижелер талқылануда.

Алайда, егер жалғандық мәселесі жосықсыз өндірушілер тұрғысынан қарастырылса, “өтірік” арақ сатудың экономикалық мәні жоқ. Оның құны тым төмен. Бұдан өзге, республикада қолданылатын тауарлар айналымын, оның ішінде Цифрлық бақылау шаралары сөрелерде не бары туралы нақты көрініске ие болу үшін жеткілікті.

Мемлекет логикасы

21 тамызда алкогольсіз сусындар мен шырын өндірушілер қауымдастығы “Атамекен” ҰКП-ға, Ауыл шаруашылығы министрлігіне және Сауда және экономикалық интеграция министрлігіне Қазақстаннан тыс жерлерге экспортталатындарды қоспағанда, индустрия өндіретін өнімге міндетті таңбалауды енгізудің орындылығын қарастыру өтінішімен жүгінді.

— Құрамында қанты бар сусындар мен бөтелкедегі суды таңбалау бойынша эксперимент жүргізу туралы мәселе Ресейден кейін қандай да бір негіздемесіз бізге де енгізілді, — дейді Қауымдастық басшысы Әлия Мамытбаева. — Индустрияны пилоттық кезеңге енгізу туралы шешім таңбалауға жататын тауар топтарын іріктеудің елдік әдістемесі жоқ болса да қабылданды.

Міндетті цифрлық таңбалауды енгізудің орындылығын бағалау жүргізбей-ақ қабылданды

Дәл осы сұрақтар эксперимент жарияланғанға дейін қарастырылуы керек еді.

Қазақстанда сусындарды таңбалау мәселесі бойынша мемлекет пен бизнес арасында қандай да бір толық пікірталас болмағанын ерекше атап өткен жөн. Бұл ретте мүдделі министрліктердің өкілдері түрлі алаңдарда шараның негізділігін фальсификат көлемінің өсуінен бастап қазақстандықтардың қантты шамадан тыс тұтынуына дейінгі түрлі себептермен бүркемелейді. Яғни, мемлекет логикасы бойынша,

әрбір су бөтелкесіне немесе лимонадқа құны шамамен үш теңге болатын DataMatrix-кодты міндетті түрде енгізу қазақстандықтардың тәтті сусынға деген ынтасын тойтаруы тиіс екен?

Статистика — қыңыр

ЕАЭО деңгейінде кез келген фискалдық бастамаларды енгізу кезінде өзінің “тіссіз” екенін көрсететін Қазақстанның осындай радикалды әрекеттерінің шынайы себептерін түсіну үшін статистикаға жүгінеміз.

Ұлттық экономика министрлігінің 2016 жылғы 9 желтоқсандағы № 503 бұйрығымен тұтынудың ғылыми-негізделген нормалары бекітілді.

Денсаулық сақтау министрлігінің санэпидбақылау комитетінің деректері бойынша, Қазақстан халқы жылына орта есеппен 339 мың тонна шырын өнімін тұтынады

Немесе жан басына шаққанда жылына 18 литр. Соңғы үш жылда республикада шырындарды нақты тұтыну 34,1%-ға төмендеп, 117 мың тоннаны құрады. Осы санға сүйене отырып, санэпидқызмет 222,3 мың тонна айырмашылық заңсыз айналымға “кетті” деген қорытындыға келді.

2021 жылы Ауыл шаруашылығы министрлігіне су мен сусындарды таңбалау қажеттілігін негіздеу ретінде түскен санэпидбақылау комитетінің сол құжатында басқа да статистикалық ақпарат бар. СЭС-тің айтуынша “2020 жылы өткізілген тиісті іс-шаралардың нәтижелері бойынша

елдің ішкі нарығында айналымға сәйкес келмейтін өнімдердің жалпы санын 2019 жылғы 15,2%-дан 2020 жылы 3,8%-ға дейін төмендетілді”

— Соңғы екі жылда СЭС тұтынушылардың шағымдары бойынша мониторинг шеңберінде сүт өнімдерінің, алкогольді және алкогольсіз сусындардың Кеден одағының техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкестігіне 17 135 сынамасы сатып алынды, — дейді Әлия Мамытбаева. — Олардың ішінде 1 813 сынамада немесе барлық бірге алынған позициялар бойынша сынамалардың 10,5%-ында сәйкессіздік анықталды.

Яғни, сандар мемлекеттің шұғыл араласуын қажет ететіндей өрескел емес

Барлық шағым қауіпсіздік, өнімнің салалық техникалық регламенттердің талаптарына сәйкестігі мәселелеріне қатысты.

Таңбалау қауіпсіздікке кепілдік бермейді

— Денсаулық сақтау министрлігі тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің өкілдері Май одағының атына жолдаған хатында атап өткендей, “ұсынылған форматта тамақ өнімдерін тауарлық-сәйкестендіру белгілерімен таңбалауды енгізу мыналарды қамтамасыз етпейді:

  • ішкі нарықты қауіпті және сәйкес келмейтін өнімдерден қорғау
  • өнімнің өмірлік циклінің қадағалануы
  • сәйкестікті растау рәсімінен өту мәселелері, оның ішінде зертханалық сынақтардың нәтижелері

Тамақ өнімдерін тауарлық-сәйкестендіру белгілерімен таңбалауды енгізу тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі мәселелерін қозғамайды және Комитеттің құзыретіне кірмейді”.

— Яғни қарама-қайшылықтар айқын?

— Әрине! Ауыл шаруашылығы министрлігі “Қазақтелекоммен” бірлесіп таңбалауды енгізуді негіздеу үшін СЭС деректерін неге пайдаланады? деген сұрақ туындайды.

Өйткені, Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанның Май Одағына таңбалаудың сапа мен қауіпсіздік мәселелеріне ешқандай қатысы жоқ деген нақты жауап береді ғой

Халықаралық тәжірибеге сүйенсек, біз тіпті ең бай және дамыған елдерде де таңбаны көрмейміз. Еуропалық Одақ пен АҚШ-ты қоса алғанда. Бақылау жүйелері тар, көбінесе ішкі корпоративтік шеңберде жұмыс істейді. Мысалы, АҚШ қорғаныс өнеркәсібінің қажеттіліктері үшін тауарлардың қозғалысын есепке алу мақсатында. Еуроодақта тұтынушы тап болатын тауарларға қатысты міндетті таңбалауды енгізудің аздаған жобаларының бірі, –

дәрі-дәрмектерді таңбалау. Ол 2012 жылдан бастап кодтарында крипто қорғанысы жоқ қымбат рецептуралық препараттар үшін ғана енгізілді

Сусындар екі топқа да жатпайды. Неліктен бұл елдер таңбалауды енгізуге тырыспайды, оны енгізуді жақтаушылардың пікірінше, бұл көлеңкелі айналым мәселесін толығымен шешеді және салықтардың жиналуын арттырады екен. Ең маңыздысы — проблемаларды шешуде тиімділігі дәлелденбеген жобаның қымбат құны.

Өнім емес, оның желінген мөлшері зиянды

Сонымен қатар, тамақ өнімдерін үйлестіріп тұтынса оның зияны жоқ екені ғылыми дәлелденген. Ал кез-келген өнімді тұтынудың нормативтік көрсеткіштері ғылыми негізге ие емес. Жеке өнімді тұтынудың ғылыми негізделген нормалары жоқ. Біз тек критикалық маңызды элементтерді тұтынудың ұсынылған нормалары туралы айта аламыз.

Сондықтан шамадан тыс тұтынумен инфекциялық емес аурулардың дамуына ықпал етуі мүмкін

ДДҰ ұсынысы бойынша “бос” қантты тұтыну күнделікті калория тұтынудың 10%-нан аспауы керек. Күнделікті “қант” мөлшері шамамен 25 грамм, яғни алты шай қасық. Мұндай норма тұзда да бар.

ДДҰ-ның су, гигиена және денсаулық сақтау жөніндегі өкілі Брюс Гордонның 2019 жылғы мәлімдемесіне сәйкес, “адамға қанша су ішу керектігін анықтайтын стандарт жоқ. Әр түрлі адамдардың суды тұтыну мөлшері көптеген факторларға байланысты: белгілі бір адам тұтынатын тамақ, салмақ, метаболизм, жас”.

Ол сұйықтықты тұтынудың ұсынылатын нормасы бар екенін атап өтті. Бірақ бұл міндетті түрде таза су болмауы мүмкін

Сондықтан мемлекеттік органдар барлық жағынан бизнесті қыспаққа алудың орнына қазақстандықта арасында дұрыс тұтыну мәдениетін қалыптастырумен айналысуы керек.

Қазақстандық өндірушілер мемлекет тарапынан айтылған су мен сусындарды таңбалаудың негіздемесі қисынсыз деп санайды, және оқиғаның жедел дамуынан саясат пен үлкен ақшаның “иісі” шығатынын байқайды.

Үлкен жоба — үлкен ақша

Ресейде су мен сусындарды таңбалау жөніндегі пилоттық жоба аяқталды, енді Ресей экономика және даму министрлігі 2022 жылғы 1 наурыздан бастап ЕАЭО-да өндірілетін барлық суды таңбалауды міндеттеуді ұсынады. Сонымен қатар, осы фискалдық шараға тап болған өндірушілер одағы мынаны ескертеді:

  • жабдықтар, таңбалау кодтарын сатып алуға, IT-инфрақұрылымды қолдауға, логистикалық шешімдерді қайта құруға арналған шығыстар есебінен түпкілікті тұтынушы үшін бағаның өсуі
  • көп жағдайда жеткізілімнің кешігуіне кері әсер ететін интернет сапасына тәуелділік
  • бюджетке түсетін кірістер мен салық аударымдарының төмендеуі

Сондай-ақ, таңбалау операторы ретінде Ресейде де, Қазақстанда да мемлекеттік органдар емес, коммерциялық құрылымдар – “Перспективалық технологияларды дамыту орталығы” ЖШС және “Қазақтелеком” АҚ ұсынылып отыр.

Ресейлік экономика ғылымдарының кандидаты, кәсіпкер Андрей Кухаренконың айтуынша, “ПТДО” ЖШС дәрі-дәрмектерді міндетті түрде таңбалау арқылы алты миллиард рубль пайда туралы есеп берген. Ал

Ресейде болашақта бәрін таңбалау жоспарланып отырғанын ескерсек, жанама салық мемлекеттік қалтаға емес, жеке тұлғаға түсіп отырады

“Қазақтелекомға” түсетін түсімдер туралы деректер жоқ. Бірақ оның кодтарды қалыптастыру бойынша қызметтері тегін болмайтыны анық.

Қазақстандық өндірушілер мемлекетке жасаған өтініштерінде, бизнес шексіз эксперименттерден шаршағанын үнемі еске салады.

Қазақстанда мынадай бақылау шаралары енгізіліп, табысты жұмыс істеуде:

  • есепке алудың бақылау аспаптары
  • деректерді беру функциясы бар бақылау-касса машиналары
  • электрондық шот-фактуралар
  • Виртуалды қойма
  • тауарларға ілеспе жүкқұжаттар

Адал өндірушілер мемлекеттің алақанында. Сондықтан олар таңбалауды ойланып енгізуді сұрайды. Онда да, тек экспортталатын өнімдер үшін.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз