Нұр-Сұлтан
Қазір
17
Ертең
23
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Су басқан Аягөзге Өскеменнен көмек жасағы аттанды

Жауын салдары, әсіресе, Аягөз, Ұлан, Глубокое аудандары мен Өскемен қаласында көбірек сезілуде. Қазіргі таңда су алған 22 үй мен 148 аулаға көмек көрсетілген.

Ресми дерек 23 адамның қауіпсіз жерге көшірілгенін айтады. Ұлан ауданының Мамай батыр ауылындағы көпірде әлі де болса кезекші топ жұмыс істеуде.

Өскемен-Алматы бағытындағы жолдың 130 метр бөлігіне су жайылған болатын. Қазір оның 80 метрі судан арылды.

Бір күн ішінде су алған аулалардан 3724 текше метр су сорып алынған. Соның ішінде Өскемен қаласында 3484 текше метр, Аягөз ауданында 240 текше метр су сорылған. Облыс орталығынан Аягөз ауданына көмек ретінде  20 адам мен 5 техника шықты.

Осы уақытқа дейін тұрғындардан «112» нөміріне 1000-нан астам қоңырау түскен.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз