Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
8
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Стамбұлды жарған кім? Саакашвили Ресейдің тағы бір өтірігін жалпақ жұртқа жайып салды

123

saaa_vsАл Одесса облысының (Украина) губернаторы Михаил Саакашвили өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында террорист Ахмед Чатаевтың түрмеде емес, бостандықта жүргенін айтты.

“Ресей азаматы Ахмед Чатаев Стамбұл әуежайындағы терактіні ұйымдастырған топтың серкесі деп хабарланып отыр. Оны менің тұсымда генерал Георгий Лордкипанидзе жетекшілік еткен арнайы контртеррористік операция барысында құрықтаған едік. Сол операция кезінде біздің күштік құрылымдардың үш қызметкері қаза тапты.

Бірақ 2012 жылы билікке келген, ресей олигархы Иванишвилидің басқаруындағы грузин үкіметі Чатаевты “саяси тұтқын” деп санап, түрмеден босатып жіберді.

Мен ол кезде әлі де президент едім және оның босатылуына қарсы болдым. Ешкім тыңдамаған. Қазір ол бостандықта жүр, оның Стамбұлдағы терактіге қатысы бары дәлелденсе, қанды қырғынды ұйымдастырғаны үшін жауап беруі қажет. Алайда бұған Грузия үкіметі не дер екен? Оны солар босатып жіберді ғой?”, – дейді Саакашвили.

Айта кетелік, Түркияның ақпарат құралдарында Ататүрік әуежайындағы жарылыстарға Ресей азаматтарының қатысы барлығы әлі де айтылу үстінде.

42545425435354
Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз