Нұр-Сұлтан
Қазір
0
Ертең
11
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

“Союз” зымыранының апатқа ұшырауына айыптылар анықталды

Құрастырушылардың фамилиясы “борт журналдарында” жарияланған, ол тергеу материалы ретінде алынды. Байқоңырдағы “Прогресс” орталығының филиалында сақталған журналдарда ғарыш айлағына әкелініп, ұшырылғанға дейін зымыранға қатысты бүкіл іс-әрекеттер жазылған.

Ол операцияларды кім орындап, қадағалағаны, жұмыстардың қашан атқарылғаны көрсетілген. Самарадағы өндіруші кәсіпорынның да, Байқоңырдағы филиалдың да құжаттары тәркіленді, деп хабарлаған еді дереккөз.

Еске сала кетсек, 11 қазан күні Байқоңырда “Союз-ФГ” зымыран-тасығышы “Союз МС-10” ғарыш кемесін орбитаға шығара алмады. Зымыран-тасығыш апатқа ұшырап, ғарышкерлер отырған капсула кемеден автоматты түрде ажыратылды. Экипаж мүшелері  — ресейлік ғарышкер Алексей Овчинин мен америкалық астронавт Ник Хейг аман.

Ғарышкерлер отырған капсула Жезқазған қаласынан 25 километр қашықтықта түскен.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз