Нұр-Сұлтан
Қазір
12
Ертең
20
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

СOVID-19-ға қатысты жалпы жағдай жақсарды, бірақ бірқатар аймақтарда ілгерілеу жоқ

584
Фото: Liter.kz

corobavirus2020.kz мәліметі бойынша, 11 қыркүйекте Қазақстанда 3 575 адам коронавирус жұқтырды. Бұл 9 шілдеден бастапқы ең төменгі көрсеткіш (ол кезде 3130). Жұқтыру фактілерінің саны қатарынан үш тәулік бойы төмендеп келеді, ал тәуліктік өсім 0,43%-ға дейін төмендеді – соңғы рет 28-маусымда (0,31%) төмен болды.

Алайда, жағдайдың жақсарғанына қарамастан, жұқтырғандар саны әлі де жоғары болып қала береді. Қыркүйектің 11 күнінде коронавирус 45,7 мың рет анықталды. Бұл бүкіл маусым айына қарағанда көп.

Ауырып жазылған адамдардың саны жаңа жұқтырғандарға қарағанда тез өсіп келе жатқанына қарамастан, Қазақстанда covid-19-бен ауырып жатқан 71 мыңнан астам адам бар.

Ең өкініштісі, тамыз айының 10 күнінде Қазақстанда коронавирустан 802 адам қайтыс болды.

Жағдай барлық жерде жақсармады

Жағдайдың жалпы жақсарғанына қарамастан, Қазақстанның басым бөлігі – 11 өңір – қызыл аймақта. Азая бастағанын көрсететін ең тұрақты жағдай Алматы облысында қалыптасуда. 11 қыркүйекте мұнда 332 жұқтыру оқиғасы тіркелді.

Күздің басынан бері көрсеткіш екі рет қана жоғары болды: 3-қыркүйек (340) және 10-қыркүйек (365). Сонымен қатар, айдың алғашқы күндерінің нәтижелері тамыз айларынан айтарлықтай ерекшеленбейді: 1-11-қыркүйек аралығында 3 351 оқиға болса, өткен айдың ұқсас кезеңіндегі 3 423 оқиға тіркелген.

Қызыл аймақта басқаларымен қатар Алматы облысымен көршілес өңірлер де бар. 11-қыркүйекте Алматыда 869 адам жұқтырды, бұл кем дегенде 20-шілдеден бастапқы ең төменгі көрсеткіш. Қарағанды облысында – 405, бұл шілде айының басындағы деңгейге сәйкес келеді.

Нұр-Сұлтанда қыркүйек айында күніне орта есеппен 319 жұқтыру оқиғасы тіркелді. “Қызыл” аймақтар арасындағы ең төменгі орташа көрсеткіш Атырау облысында.

Бес сары, бір жасыл

Қыркүйек айында орта есеппен 175 жұқтыру оқиғасы тіркелген Шығыс Қазақстан облысы сары аймақта. Сонымен қатар жағдай тұрақты болып қалуда. Оны, кем дегенде соңғы үш аптадағы орташа көрсеткіш 174,2 жағдай болғанынан байқауға болады.

Солтүстік Қазақстан облысында жағдай тұрақты. Тамыздың аяғынан бастап күніне 67-87 жағдай тіркелуде. Оның үстіне, 67 – бұл 10-қыркүйектегі, ал 87 – 11-қыркүйектегі көрсеткіш. Жамбыл, Қызылорда және Батыс Қазақстан облыстарында жағдайдың жақсару үрдісі айқын.

Қазақстанның жасыл аймақтағы жалғыз өңірі Түркістан облысы болып қала береді. 23 күн ішінде бұл жерде күнделікті жұқтырғандардың ең аз саны байқалуда.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз