Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
6
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Соттар да цифрланып жатыр екен

1289

Жиынды ашқан Жақып Асанов цифрландырудың артықшылықтары ретінде ыңғайлылық пен үнемділікті, қолжетімділік пен талдауды, ең бастысы, ашықтықты атады. Ол

«Сот төрелігінің жеті түйіні» аясында SMART-сот бағдарламасының сәтті іске асырылып жатқанын айтты.

Осы орайда соттар жұмысына блокчейн, ауқымды деректермен жұмыс және жасанды интеллект технологияларын енгізу жоспарланып отыр.

Бұл іс-шаралар Корея, Сингапур, Қытай және Біріккен Араб Әмірліктері соттарын цифрландыру тәжірибесі негізінде жүргізілуде.

Кез келген адам IТ жаңашылдықтар арқасында сот дауының соңы немен аяқталатынын болжай алады. Сот төрелігі айқын бола түседі. Бұл – Қазақстанның инвестициялық тартымдылығын арттырудың маңызды факторы,

деді Жақып Асанов.

Жоғарғы сот төрағасы хабарлағандай,

бүгінде азаматтық талап-арыздардың 91 пайызы электронды түрде беріледі. 6,5 млн сот актісі интернетте қолжетімді.

«Сот кабинеті» сервисін қолданушылар саны соңғы үш жылда 7 есе артып, 272 мың адамға жетті.

Дөңгелек үстел барысында оған қатысушылар қызу пікір алмасты. Жиын соңында сот және құқық қорғау органдарын одан ары цифрландыру бойынша қарар әзірленді.

Цифрлық Қазақстан жобасы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ мен «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту Қорының қолдауымен «Коммуникативтік бастамалар және стратегиялар» Жеке қорымен іске асырылады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз