Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
4
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

“Сотқа сенбейміз”. Елде әділдік орнатудың жалғыз жолы – ұлттық бандитизм

Бесіктен белі шықпаған қыздарымызды зорлап кетіп жатқандарды 20 жылға соттасаң да аздық етеді. Қасақана кісі өлтіріп, Елбасының рақымшылығына ілініп, тайраңдап жүргендер қаншама?

Бір Құдай жазалайды деп қашанғы көнеміз?

Менің бір ақиқатқа көзім жетті:

Қазіргі заңымыздың қазақтың есесін қайтарып бере алмай жүргенін күнде көріп жүрміз.

О дүниеге үміт артып, қаншама тағдыр азап шегіп жатыр. Әлсізді әлді билеп-төстеген қоғамға бір өзгеріс керек.

Осыдан біраз жыл бұрын Қытайға барған кезде мына бір оқиғаны естіп таң қалғаным бар. Ханзулар қазақ егістік егіп отырған ұлтарақтай жерді тартып ала бастаған екен. Сол жердегі қырыққа жуық жігіт атқа қонып, беті-аузын тұмшалап алып, жер өлшеуге келген ханзу ұлықтарын қамшының астына алыпты. Артынша, қырық жігіт қырық бағытқа қашып, ұстатпай кетсе керек. Осы бір оқиға ханзулардың заңсыз жерді тартып алуын сап тыйған көрінеді. Қазірдің өзінде ұлықтар қазақ ауылына баруға жүрексінетін көрінеді.

Міне, бір оқиғаның әсері.

Тағы бір мысал келтірейін. Бұл жолғы оқиға Алматы облысы, Райымбек ауданының Нарынқол ауылында бүгінгі күні болып жатыр. Бір әумесер мектеп жасына бармаған бүлдіршінді зорламақ болып, қолға түседі. Мұны естіген нарынқолдықтар үдіре толқып, әлгінің ісін аудандық прокуратураға тапсырады.

Заң адамдары «қылмысы дәлелденбеді» деген сылтаумен әлгіні босатып жіберген екен.

Нарынқол халқы толқып, жауызды өлтірмекке бекінеді. Қазір ол сыртқа шығуға жүрексініп, аудандық ішкі істер бөлімі ғимаратында тығылып жатса керек.

Міне, ел екенімізді білдіретін жағдай.

Соңғы күндері болған тағы бір оқиғаны баяндайын. Алматының іргесіндегі Қосөзен ауылында да бір ер жігіт жас бүлдіршінді зорламақ болып, қолын сындырған. Мұны әлгі бүлдіршіннің ауруханада жатқан атасы естіп ашуланып, қысымы көтеріліп қайтыс болып кетті.

Қыздың тағдырын бір құртып, шалдың өліміне себепкер болған адамға қандай жаза лайықты? Мұны біздің заңымызға салсақ, қылмыскер бүлдіршіннің қолын сындырғаны үшін ғана жазаланады.

Осындай қым-қуыт, түрлі оқиғалар көбейген сайын бізге ұлттың намысын жыртатын жырынды топ құру керектігі сезіледі. Олар күнделікті емес, жылына бір рет ұлттың есесі кетер жағдайға тойтарыс берсе, өзгелер аяғын аңдап басар ма еді.

Сіз қалай ойлайсыз?

Шәріпхан Қайсар

Abai.kz

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз