Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
1
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

Сот Серік Ахметов пен экс-шенеуніктерді шығынды өтеуге міндеттеді

Ахметовтің адвокаты қылмыстық істе шағымданушының уәждеріне негіз бола алатын және дәлелдейтін “қандай да бір айғақтар жоғын” мәлімдеп, сот шешімін өзгертуді сұраған. Бауыржан Әбдішев апелляциялық шағымында Қарағандыдағы көшені жарықтандыру бағаналарын алмастырып, орнатуға қаржы заңды түрде бөлінгенін және мемлекетке материалдық шығын келтірілмегенін айтады. Басқа бұрынғы шенеуніктердің адвокаттары да соттың олардан қаржы өндіріп алу шешімімен келіспейді. Адвокаттар 17 миллион 310 мың теңге өндірту туралы алғашқы сот шешімін жоюды сұрайды.

Талапкер бұрынғы шенеуніктердің “заңсыз іс-қимылының салдарынан” мемлекетке 202 миллион теңге тікелей шығын келді дейді.

2015 жылы желтоқсанда “Серік Ахметовтің ісі” бойынша сотталған бірнеше адам бұған дейін мерзімінен бұрын шартты бостандыққа шыққан немесе рақымшылық заңы бойынша олардың жаза мерзімі қысқартылған. Сегіз жылға бас бостандығынан айырылған Серік Ахметовтің жазасының өтелмеген мерзімінің төрттен бірі Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай жарияланған рақымшылық бойынша азайтылған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз