Нұр-Сұлтан
Қазір
18
Ертең
16
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Сот Мұхамедиұлының шағымын қарастырмай тастады

Қаулы 15 қарашада шыққан. Бірақ, бүгін ғана белгілі болып отыр.

Соттың шағымды қараудан бас тартуына министрдің арызды жеткілікті деңгейде толықтырмағаны себеп болған.

“Айыптаушы (Мұхамедиұлы) айыпталушыны Қылмыстық Кодекстің нақты қандай баптары және бөлімдері бойынша қылмыстық жауапкершілікке тарту керектігін атап көрсетпеген. Сосын Антикоррупциялық қызмет қазір жоғарыда көрсетілген жайттар бойынша сот алды тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Оған қатысты шешім әлі қабылданған жоқ” делінген қаулыда.

Айта кетсек, бұдан бұрын министр Мұхамедиұлы соттан бір кездері өзінің қол астында оқыған Еңлік Сыдықованы қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы сұраған болатын. Сыдықова өз кезегінде министрді “жыныстық әлімжеттік көрсетті” деп айыптаған еді.

Ал Жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро әзіргі күні Еңлік Сыдықованың видеоүндеуінде министрге қатысты айтылған айыптарды тергеп-тексеру үстінде.

96028384250d9ae272b59e74929c8eef-1-840x500

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз