Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

“Соңына дейін күресем” Қамауға алынған бизнесмен Тоқмәдидің келіншегі тағы бір мәлімдеме жасады

Кейін оған әлгі қаруларды заңсыз сақтаған деген айып тағылды. Оның алдында ҚР ҚК 194 бабы “бопсалау” бойынша айыпталған”, – деп жазады Жәмила Айымбетова Фейсбуктегі парақшасында.

Оның айтуынша, қазір тергеу тобы бизнесменнің туыстары мен қызметкерлерден белсенді түрде сұрау алып жатыр. Бұл ретте тергеушілер тарапынан қысым көрсетіліп жатқан көрінеді. Олардың ыңғайына көнбеген жағдайда ұйымдасқан қылмыстық топтың қатарына енгізіп жіберемін деген сыңайдағы қысым жасалған дейді Жәмила. Сонымен қатар, екі апта бұрын жабық сот өткізіліп, бизнесменнің отбасының, жақын туыстарының, тіпті жәй таныстарының да бүкіл мүлкін тәркілеу туралы шешім шығарылған.

Ал Тоқмәди туралы “ащы шындықты” айтқан видеоны ол жалған дейді. Айтуынша Бекенді күштік құрылымдар Мұратханды алып кеткен соң үш күннен кейін түнде тұтқынға алған.

“Тұтқындау кезінде үйден ештеңе таппады, бірақ, оның ұсталғаны туралы отбасына хабарлаған жоқ. Бекенді белгісіз бағытқа алып кетті. Ал туыстары оны үш күннен соң уақытша тергеу изоляторынан тапқан. Ал ол кезде Бекен тергеушілермен бірігіп, Мұратханға қарсы шығатын мәндегі жауаптар беріп қойған. Және адвокаттан бас тартыпты. Менің күйеуімнің адвокатының айтуынша, Бекеннің үйінен Мұратханға тиесілі қару табылған көрінеді”, – дейді ол.

Жәмиланың айтуынша, Бекен орыс тілін онша білмейтіндіктен осыншалықты ұзақ сөйлемді өте сауатты айтуы мүмкін емес екен. Осылай деген келіншек соңына дейін күресуге уәде беріп отыр.

Еске салсақ, күштік құрылым өкілдері дүйсенбі, 12 маусымда, Алматыдағы арнайы операция барысында Қазақстандағы ірі зауыт “ҚазШыныҚұрылыс” директоры Мұратхан Тоқмәдиді ұстады. Кейін оның қызы да оқиғаның қалай болғанын баяндап берген болатын.

Жәмила Айымбетова бұған дейін де ҰҚК ұстап әкеткен бизнесмен күйеуінің ісіне байланысты үндеу жолдаған еді.

Дереккөз: stan.kz

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз