Нұр-Сұлтан
Қазір
16
Ертең
10
USD
446
-0.83
EUR
475
-0.80
RUB
4.78
-0.01

Соңғы бір жылда Қазақстан халқының саны 235 мың адамға артқан

366

АХАТ органдары ұсынған азаматтық хал актілері жазбаларындағы мәліметтерді өңдеу нәтижесінде, 2017 жылғы қаңтар-шілдеде 222,8 мың сәби дүниеге келген. Бұл 2016 жылғы қаңтар-шілдеге қарағанда 6,5 пайызға аз. Туудың жалпы коэффициенті 1 000 адамға шаққанда 21,27. 2017 жылғы қаңтар-шілдеде республика халқының табиғи өсімі 2016 жылғы қаңтар-шілдемен салыстырғанда 15,3 мың адамға немесе 9,5 пайызға кеміп, 145,5 мың адамды құрады. Табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 13,89 адамды құрады.

Аталмыш кезеңде саны 77,3 мың адам қайтыс болған, бұл 2016 жылғы қаңтар-шілдеге қарағанда 0,4 пайызға аз. Көші-қон қызметі органдары ұсынған мәліметтерді өңдеу нәтижесінде, 2017 жылғы қаңтар-шілдеде елімізге тұрғылықты тұруға келгендердің тіркелу саны 2016 жылғы қаңтар-шілдемен салыстырғанда 39,1 пайызға көбейіп, 9 711 адамды құрады. Елімізден кеткен көшіп-қонушылардың тіркелу саны 2,3 пайызға көбейіп, 19 407 адамды құрады, көші-қонның айырымы – 9 696 адам болды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз