Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
3
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Солтүстікке қоныс аударғандардың 40 пайызы Түркістан өңірінен келген

Сондай-ақ, халыққа қызмет көрсету арқылы жалпы 15 127 отбасы ішінен 2580 адам өз ісін ашқан.

Айта кетерлігі, республиканың солтүстік өңірлеріне халықтың өз еркімен қоныс аударуы жанданып келеді. Аталған кезеңде облысымыздан 263 отбасы, яғни 1112 адам  қоныс аударып, тиісті төлемдерді алуда. Бұл республика бойынша солтүстікке қоныс аударған адамдардың 40 пайызын құрап отыр

– деді Мұхит Баймұханбетұлы.

Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен ардагерлерді  әлеуметтік қолдау бойынша ағымдағы жылы барлық бюджеттер есебінен 8,6 млрд. теңге қаралып, мүмкіндігі шектеулі азаматтар 64 мыңға жуық техникалық көмекші құралдармен және әлеуметтік қызметтермен қамтамасыз етілген.

Зейнеткерлерге әлеуметтік қолдау көрсету бойынша 7800 зейнеткер басқармаға қарасты «Ардагерлер» және «Мейір» сауықтыру кешендеріне жолдама алған. 80 жастан асқан жалғызілікті 310 қарияның  зейнетақыларына ай сайын жергілікті бюджет есебінен 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көмек беріліп келеді.

Ағымдағы жылдың 1 қазанындағы көрсеткіш бойынша облыста арнаулы әлеуметтік қызметтермен мұқтаж азаматтардың 99,7 пайызы  қамтылған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз