Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
-6
USD
431
0.00
EUR
516
0.00
RUB
5.68
0.00

“Солай екен ғой!..”. Балиева пен Селтановтың арасында қандай байланыс бар?

 

https://kaz.365info.kz/sheshesinin-akhshasy-zhokh-balieva-akhtalyp-oz-shyndygyn-ajtty-306968

Жалпы, халықты тек бұл сауал ғана мазалап отқан жоқ. Көпшіліктің көкейінде баланың әжесі жазған арыздар былтырдан бері неліктен қабылданбаған, мектеп басшылығы бұл шулы жайтты біле тұра неліктен тиісті шаралар қолданбады, Балалар құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл

Зағипа Балиева 7 жасар баланың Алматыда тәуелсіз экспертизадан өтуіне неге соншалықты қарсылық білдірді, Балиева баланың анасын өз ұлына неліктен жолатқысы келген жоқ

деген сауалдар да мазалайтыны анық.

Расымен де, Зағипа Балиева баланы өз қолына алып, оны не тәуелсіз экспертизаға, не өзінің анасына бермей қоюы көпшіліктің көңіліне күдік ұялатты. Тіпті, қазір “Балиева да аталған істі жылы жауып тастағысы келеді” деп, Мәжіліс депутатын айыптап жатқандар аз емес. Бұл енді қоғам белсенділерінің әлеуметтік желіде жазып жатқан пікірлері ғана. Расында да Балиеваның не ойлағаны бар екенін біз білмейміз.

Сондықтан алдын ала тон пішіп, күнәһар болмай-ақ қояйық. Бірақ, мына жайтқа назар аудармасақ болмайтын сияқты.

https://kaz.365info.kz/shalasauatty-aruzhan-sain-zorlandy-delingen-balanyn-sheshesi-turaly-ajtyp-berdi-306961

Есте болса, ең бірінші болып осы 7 жасар баланың проблемасын сарыағаштық журналист Амангелді Батырбеков өзінің газетінде көтерген болатын. Оның айтуынша,

дау шыққан меткептің директоры жергілікті мәслихат депутаты Сапарәлі Селтановтың келіні екен.

Ал, қайнісі болса ОҚО Ішкі істер департаментінде басшылық қызметте. Ал, Зағипа Балиева мен Сапарәлі Селтанов кезінде қызметтес болған дейді оңтүстікқазақстандық журналист.

https://kaz.365info.kz/okinip-zhyrmeniz-astanada-bolgan-7-zhasar-balany-sheshesi-alyp-ketti-video-307076

«Баршаңызға белгілі, омбудсмен Зағипа Балиева 1996 жылдан 2005 жылға дейін Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының басшысы болды. Ал, бұл уақытта Сапарәлі Селтанов Сарыағаш ауданы бойынша сайлау комиссиясының төрағасы еді. Зағипа Балиева бұл кезде жоғарыда отырып не істегені бізге белгісіз, оның үстіне қызық та емес. Ал, біздің “құрметті” Сапарәлі Селтановтың немен айналысқанын біз жақсы білеміз. Егер білмесеңіздер, бірақ білгілеріңіз келсе Yotube порталында

“Сарыагаш-информ 2. Беспредельные выборы в Сарыагаше” деп аталатын видеороликті көрулеріңізге болады»

, – деп жазды Амангелді Батырбеков өзінің Facebook-парақшасында.

https://kaz.365info.kz/sheshesi-menin-khasymda-zorlandy-degen-balanyn-advokaty-attandap-zhatyr-306934

Оның пікірінше, бір салада 8 жыл бойы бірге жұмыс істескен әріптесіне Зағипа Балиева қиянат жасай алмайды. Яғни, баланы Алматыға бара жатқан жерінен кері алдырып, анасына да көрсетпей қоюына осы екеуара байланыс себеп болуы мүмкін деген болжамын айтты журналист.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2021 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз