Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
6
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

“Сол әйелді тергеңіздер!”. Өркеннің апасы өгей шешеден бірден күдіктенгенін айтты (видео)

Алматыда өгей шешенің қолынан қаза тапқан Өркен нақтысында әкесінің қолында болған. Алайда отбасылық жанжалдан шаршаған бала апасына кетіп қалатынды шығарған. Бала кеткен соң артынан іле-шала әкесі де қара шаңыраққа орала берген. Қайғылы оқиға болатын күні бұрын да Өркен әдеттегідей апасының қолына қайтып келген. Сөйтіп ол өгей шешесімен бірге тұрғысы келмейтінін айтыпты.

Бұл туралы Астана телеарнасына берген сұхбатында марқұм Өркеннің апасы Бағдагүл Есіпбекова айтты.

– Балам “ол әйелмен тұрмаймын” деп айтты. Бірақ ол бәрібір үйге келіп алды. Сөйтіп ұлымды алып кетті. Үнемі солай. Табанын жалайды, сүйеді. „Жаным, я все больше не буду, примерный жена болам, пожалуйста, кешірші„ деп алып кетеді, – дейді марқұм баланың апасы.

Алайда бір жетіден кейін жанжал туып, бала қайтадан әжесінің қолына келіп жүреді.

Бұл жолы да ұлым ол әйелден кетіп қалды. „Бітті, онымен тұрмаймын, ажырасамын„ деп кесіп айтты… Оның жоспары бойынша менің көзімді құртпақ болыпты. Содан кейін барып, Өркенді өлтіру керек екен.

Бала жоғалғанда мен тергеушілерге сол әйелді тергеңіздер деп бірден айттым.

Өйткені ол бөтен жерге ешқашан бармайды, компютер клубына бармайды, ойнамайды. Мектептен соң бірден үйге тартатын. Ешқайда бармайтын бала, мен 100 процент білем, баламды. Үйге келеді, сабағын оқиды. Теннисіне дайындалады, шахматын ойнайды, дайындалады…

Ол өте қатыгез әйел. Адам емес. Көршілері: „Қатыгез болатын, балаларын ұрып-соғатын„ деп айтып жатыр екен ғой.

Ондай ананы тура қолын балтаменен шауып өлтіру керек. Ондай бізде неге заң жоқ? Бізге сондай заң шығару керек, Қытайдағы секілді. Қалай қолы барды, Өркен оны “мама” деп жүрді ғой. Бағынды, қалай соған қолы барды, ол иттің. Өркенді бәрі жақсы көрді. Класс жетекшісі менімен таңғы 6-ға дейін жүрді. Завуч, директоры, бәрі-бәрі- ата-аналар, бәрі бірге жүрді ғой. Үш күн іздедік қой…

Мен жылағым келмейді, мен 5 уақыт намаз оқимын, мен білемін, көп жыласа ол суға кетіп қалады, ол періште. Оның қанаты суға батып, ұша алмай қалғанын қаламаймын. Ол қиналмасын, қиналсам мен қиналайын. Менің Өркенім қиналмасын, періште болып ұшып жүрсін! Бірақ ішім күйіп жатыр…, – дейді кейуана күйініп.

Сондай-ақ қайғы жұтқан ана баласының ол әйелді кешіргені өтірік ақпарат екенін баса айтты.

Еске салайық, Өркен Азаматұлы 22 қаңтарда өлі табылған еді. Кейін оны өлтірді деген күдікпен өгей шешесі Шәрипа Ақбердиева, оның ұлы Темір Ақбердиев пен қызы Айдана Ақбердиева, кәмелетке толмаған 9-сынып оқушысы Қадыржан Гулямов және такси жүргізушісі, негізі күзетші болып істейтін Руслан Мұталиев ұсталған. Айта кетейік, Алматы қаласы Алмалы аудандық прокуратурасының мәлімдеуінше, бүгіндері істегі күдікті барлық фигурант кінәсын мойындаған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз