АҚШ-тың атақты USA Today газеті Геннадий Головкиннің 5 мамырда Ванес Мартиросянмен болатын жекпе-жегі үшін қанша табыс табатынын жария етіп жіберіпті.
Sports.kz сайтының хабарлауынша, американың баспасөзі былай дейді:
«Лос-Анджелестегі армяндар қауымы қатты қолдайтын Мартиросянға қарсы өткізетін жекпе-жегі үшін Головкин шамамен 2 миллион доллар алады. Ары кетсе 3 миллионнан артық табыс түсіре алмайды, өйткені бұл кездесу HBO-ның тұрақты арнасынан көрсетіледі, ал ақылы көрсетілімді ешкім де сатып алмайды».
Солай дейді…
«Канеломен» жұдырықтасқанда қазақстандық боксшы шамамен 30 миллион доллар табысқа кенелер еді…
https://kaz.365info.kz/akhshanyn-bari-solarda-ministr-myhamediyly-bukmekerlerdin-kozin-khyrtpakh-308020