Нұр-Сұлтан
Қазір
15
Ертең
22
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Соққыға қарсы иммунитет: барлығына жақсы жалақы және әлеуметтік инфрақұрылым

434

Жалақы тез өспесе де, отандастарымыздың наразылығын сапалы және тегін әлеуметтік инфрақұрылым құру арқылы төмендетуге болады, деп санайды КИПР аналитикалық тобының қатысушылары. Шындығында, бұл ұзаққа созылмайды, сондықтан халықтың табысы туралы ұмытпау керек. Олар бюджет саласы қызметкерлерінің жалақысынан бастауды ұсынды. Сонымен қатар, бұл ШОБ-ке де оңтайлы әсер етеді, өйткені кірістің артуы сұранысты да арттырады.

Қалай болғанда да, қазақстандықтардың әлеуметтік оптимизмі ауыр жағдайға жетіп, дереу іс-қимылды талап етуде.

Соңы. Бірінші бөлімді де оқыңыз.

Сенім несиесі бар еді, бірақ аяқталуға жақын

Ольга Симакова жобаның қызықты нәтижелері туралы айтып берді, жоба аясында әлеуметтанушылар түрлі компаниялардың HR-мен сұхбат жүргізген. 2015 жылы теңгенің құлдырауынан кейін осында жұмыс істеген көптеген шетелдік мамандар үйлеріне қайтқаны белгілі болды. Ал олардың орнын сәйкесінше еңбекақымен жергілікті тұрғындар басқан. “Сәттілікке қалай жолыққаны туралы оқиғалар” пайда болып, онда

адам, сайып келгенде, құрылымдағы өзіне лайықты және көздеген орнын алатыны айтылды

Бұл көпшіліктің көңіл-күйін көтеріп, жарқын болашаққа үміттендірді. Бұл екі жылға созылды.

— Қазір біз бұл жылдар халықтың (атап айтқанда жалдамалы жұмысшылар) билік пен мемлекетімізге берген “несиенің” бір түрі болған деген болжам жасай аламыз. Жарқын болашақ қол бұлғады, адамдар бізде бәрі жақсы, біз де мансап құрып, алға қарай жүре аламыз деп ойлады. Бірақ 2017 жылдан бастап көңіл-күй нашарлай бастады. Сұрақ – мемлекет осы екі жылға мәні бермеді ме? Өзгерістер орын алғанын және алдыңғы несиені пайдалану керектігін сезбеді ме?, – деп сұрады Симакова.

Қойылған сұрақтардың ішінде ең көп қойылғаны: “Қазіргі уақытта халықтың көпшілігіне қандай көңіл-күй тән?» болды. 2017 жылға дейін болашаққа деген үміт 50% және одан да жоғары еді. 2021 жылы – 30% болды. Ал 2021 жылы ертеңгі күнге деген сенім 20%-дан 5-7%-ға дейін төмендеді. “Үмітсіздік сезімі” және “сенімсіздік” 10%-дан 20%-ға дейін өсті. Ал “айқын болашаққа күмән” 15%-дан 25%-ға артты.

— Бұл біздің ойымызша апатты жағдай. Динамикаға қарап, неге бұлай болғанын түсінбейміз”, – деді Симакова.

Илеуова оптимизм көрсеткіштері бұрын айтылған екі жылда ғана емес, басқа уақыттарда да өте жоғары болғанын растады.

— Кей кездері бұл ештеңеге негізделмеген оптимизм болды, тіпті кейде, біздің, әлеуметтанушылардың, ашуымызға тиетін.

Біз бір нәрсенің нашар екенін көріп отырамыз, ал халық бәрі жақсы, алдымызда жарқын болашақ күтіп тұр, ешқандай қиындық жоқ дейді. Қазір бұл көзқарас өзгерді және ол дәл осы экономикалық тұрғыдан нашарлаумен тығыз байланысты. Адамдар босқа үміттенгендерін қойды — деп атап өтті сарапшы.

Ашу-ыза міндетті түрде наразылыққа әкелмейді, ол қылмыспен аяқталуы да мүмкін

Илеуова өз сауалнамаларында әлеуметтанушылар: “сіздің ойыңызша, үкімет қазір қандай саясат жүргізіп жатыр” деген сұрақты 2005 жылдан бері үнемі қойып келе жатқандарын айтты. Айтылған стратегиялардың ішінде әлеуметтік-бағдарланған, либералдық, корпоративтік стратегиялар болды.

— Біз стратегияны корпоративтік деп санайтын адамдардың саны артып келе жатқанын көріп отырмыз. Яғни, саясат олигархтардың шағын тобының мүддесі үшін жүргізілуде”, – деді ол.

Сонымен қатар, сарапшы, егер қандай да көмек болмаса, кедейліктің құрсаулаған шеңберінен шыға алмайтын адамдардың белгілі бір тобы шоғырланып қалғанын да атап өтті. Бұл “әл-ауқаты төмен топ” әзірге шағын болуы мүмкін, бірақ ол бар.

– Адамдар ұзақ уақыт кедейлікте өмір сүрген кезде, оларда ешқандай сұраныстар болмайды және мінез-құлық көрсетпейді. Адамдар үнемі өмір сүруге ұмтылумен айналысады, олар дүбәра болып кетеді”, — деді ол.

Мұндай ортада зорлық-зомбылық пен радикалды әрекеттерге бейімділік болуы мүмкін. Әлеуметтанушылар бұл туралы

саяси емес, тұрмыстық немесе қылмыстық сипатқа ие деген болжам айтуға бейім.

– Наразылық декларациясы – бұл бөлек нәрсе, ал тікелей наразылық әрекеттері — бұл келесі қадам және оның болуы міндетті емес. Көптеген адамдар үшін 2021жыл  оңтайлы нәтиже беруі мүмкін және олар осы дағдарыстық жағдайдан шыға алады, — деп қосты Илеуова.

Алайда, әлеуметтанушылар “наразылық көзқарас туындауы мүмкін бе?”» деген сұрақ қойғанда

адамдарға өздері тұратын елді мекендегі жағдайды бағалау қиынға соқты, бірақ басқа жақта болуы мүмкін екендігін жиі айтты

Мысалы, “біздің облыста” — 13%, ал “басқа облыста” – 33% дегендей. 2013 жылы мұндай жауаптар үш есе аз болатын.

“Еш жерде болуы мүмкін емес” деп 2013 жылы 66%, ал 2021 жылы тек 14% айтылды.

Бұл сұраққа жауап беруге қиналғандар бірден бірнеше есе – 2013 жылғы 10-11%-дан 2021 жылы 40%-ға дейін өсті.

Жалақыны өсіруді мемлекеттік қызметкерлерден бастау керек

Айтылғандарды Мәжіліс депутаты Ерлан Смайлов қорытындылады. Әлеуметтік көңіл-күй нашарлап, кедей халықтың үлесі артуда. Бұл үрдіс пандемияға дейін, бірнеше жыл бұрын күшейіп, қарқынмен көбейіп келе жатқан, ал COVID-19 жағдайды одан сайын ушықтырды.

— Менің ойымша,

халықтың табысын арттыру саясаты (соның ішінде бір мезеттік) өз нәтижесін беруі тиіс

Бізде жұмыс беруші — мемлекет өте үлкен, бюджет саласында көптеген адамдар жұмыс істейді. Алайда Мемлекет бастапқыда өз қызметкеріне аз ақша төлеуге шешім қабылдаған”, – деді ол.

Смайлов табысты арттыру (бәрі мемлекеттік қызметкерлерден бастаса болады) тұтынудың өсуі арқылы отандық ШОБ-ті де ынталандырады деп санайды.

— Екінші жағынан, дұрыс әлеуметтік инфрақұрылым құруға көмектеседі. Жалақы аз болса да, сапалы және тегін медицина, білім беру, әлеуметтік инфрақұрылым болса да — бұл табыс айырмашылығын жояды, — деді ол.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз