Нұр-Сұлтан
Қазір
22
Ертең
20
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

СҚО әкімі басқарма басшысының парамен ұсталуына қатысты түсініктеме берді

Ақсақалов мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлық қылмысын азайту үшін не істеу қажеттігін айтты.

«Ең алдымен, осындай фактілерді болдырмау үшін мемлекеттік қызметтің барлығын автоматтандыру керек. Адамдармен байланысты барынша азайтқан жөн. Рұқсат қағазын беретін жерде жемқорлық болады. Оған тосқауыл қою үшін не істеу керек? Адам құжат тапсырды ма, барлығы дұрыс, түгел болса, онда рұқсатты автоматты түрде беру керек. Бүгінгі таңда мемлекеттік қызметтің 44 проценте жуығы автоматтандырылған. Біздің міндетіміз – мұны 100 процентке жеткізіп, адаммен тікелей байланыс болмайтындай ету. Сонда ғана жемқорлық қылмысын азайтамыз», – деді облыс басшысы.

Еске сала кетсек, күні кеше СҚО әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы және лицензиялау басқармасының басшысы пара алып жатқан жерінен ұсталғаны белгілі болды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз