Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
3
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

Әскери жоғары оқу орындарында жаңа мамандықтар ашылды

2016-2017 оқу жылдарында Әуе қорғанысы күштері Әскери институтының базасында алғаш рет әскери-медициналық факультет іске қосылады. ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің Әскери институтында «Әскери істегі менеджмент», «Әскери істегі логистика», «Әскери істегі юриспруденция» секілді жаңа мамандықтар ашылды. Радиоэлектроника және байланыс Әскери-инженерлік институтында «Әскери істегі радиоэлектроника және байланыс» мамандығы пайда болды.

Осы жаңа мамандықтар бойынша білім алғандар әскери салада ғана емес, сонымен бірге азаматтық қызметте де жұмыстарын жалғастыра алады.

Оқыту бағдарламасына әскери әдеп, көшбасшылық және әскери істегі басқару стилі сияқты жаңа пәндер енгізілді. Бұл курсанттардың жеке тұлғасын, көшбасшылық қасиеттері мен мінез-құлқын қалыптастыратын факторлар болып табылады. Жыл сайын Қазақстанның әскери жоғары оқу орындарының курсанттары шетелдерде тағылымдамадан өтеді. Тәжірибе жинақтап, өздерінің біліктілігін арттырады.

Қазір оқуға түсу үшін құжаттар қабылдау жүріп жатыр. Ол 2016 жылдың 15 маусымына дейін жалғасады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз