Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Өскеменде жоғалған студент анасына хат жазып кетіпті

c3ead047e1c1e2c25053e700ce331a39_XL_0

“Ол хат жазып кетіпті. Онда жақсы тәрбие бергеніме алғыс білдіріп, кешірім сұрапты. Сөйтіп үйден кеткеніне қатты өкініш білдіретінін жазыпты. Бірақ, өзіме ақша табу үшін осындай шешім қабылдауым керек болды делінген хатта”, – дейді анасы Әлия Әбдірахманова.

Еркебұлан Қамбаров 18 сәуір күні үйден шығып кетіп, қайтып оралмаған. Анасы хатты 22 сәуір күні үйден тапқан. Демек, ол сол күні үйге ұрланып кіруі мүмкін. Десе де, “ұлы үйге оралар” деп күткен анасы ақыры 4 мамыр күні полицияға хабарласқан.

“Осындай жағдай наурыз айында да болған. Сол кезде де бірнеше күн жоғалып кетіп, кейін үйге қайта оралған. Менің ойымша, ол біреуден қорқады. Бұл ақшаға байланысты”, – дейді анасы.

Қазір Еркебұланды іздеумен полицейлер, достары және еріктілер айналысып жатыр. Анасы Еркебұланның құрбы қызымен де үнемі байланысқа шығып отыр. Әлия Әбдірахманова Еркебұлан Қамбаровты көрген- білген адамдар болса хабарласуларын өтініп сұрайды.

Жігіттің қайда жүргенін білетіндерден 8 (778) 468-79-73 нөміріне хабарласуды сұрайды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз