Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
5
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Сивиді масқаралаған қара PR-дың авторы әншінің өз күйеуі болып шықты (видео)

158

Иә, кезінде желіні дүр сілкіндірген дәл осы видеоның авторы да Аңсар екен. Жұбайын жарнамалауда қол қусырып қалмайтын отағасы, қара пиарды қолданудың қас шебері дерсіз…

“Осы пиарға да инициатор болған, автор идеи осы күйеуім. Сол күйеуімнің машинасы сол мен ұрған қара машина. Ринат әшейін отыр рөлде. Ринаттың машинасы мүлдем бөлек «Камри». Ол жолдасымның машинасы, өзі беріп көлігін, сондай жертваға барды мен үшін, әйелі үшін”, – дейді Сиви Махмуди.

Сивидің сөзіне сенсек, жолдасы бұл жоспарын жүзеге асыру үшін ұзақ уақыт әзірленіпті. Тіпті, қымбат көлікті талқандамас бұрын, техникалық жөндеу орталығындағы таныстарын да құлағадар қылып қойған көрінеді.

https://youtu.be/EiZfzHMgo_I

“Сразу СТО-ға алып кетті ғой. СТО-ға звондап қойыпты, қазір соғылып келемін дайындалып, күтіп отырыңдар деп”, – дейді Сиви.

Иә, соңғы уақытта отағасының белсенділігі анық байқалады! Көк жәшіктен жиі көрініп, тіпті Сивидің клипінде басты рөлді сомдаған Аңсар, бәлкім отандық шоу-бизнестің өкілі атанудан үмітті шығар..?

“100 пайызға кіріп кете алмайды ғой енді. Бірақ, 20-30 пайыз мен үшін ғана ғой, рухани, арасында маған керек кезде… Керек кезде шақырып аламын, өзі келіп сөйлесіп береді бәрімен”, – дейді Сиви Махмуди.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз