Ел арасында әнші әрі продюсер Сиви Махмұдидің ұлтына қатысты әңгіме көп. Аты-жөніне, сыртқы келбетіне қарап, көпшілік Сивиді өзбек ұлтынан шыққан деп ойлайды. Бұл сұрақтың нүктесін Сивидің өзі қойды, деп жазады Stan.kz.
“Есімім: Сивиетта, тегім – Махмұди, әкемнің аты – Махмұт. Жасым – 29-да. Тұрмыстамын. Журналист, актриса, әнші, продюсер, бизнес-бикеш. Ұлтым – таза қазақ. Қызылордада туғанмын”, – деп жазды Сиви Instagram парақшасында.
“Неге екенін қайдам, көпшілік сізді өзбек дейді”, “Таза қазақ болғаныңызға қуаныштымын”, “Бірақ аты-жөніңіз толық өзбек тілінде ғой”, “Бірақ кешіріңіз, Сиви ханым, мен сіздің өзбекше киноға түскеніңізді көргем, жетім қыздың рөлін сомдайсыз”, “Руым Қыпшақ деп жазбадыңыз ба?” – деп пікір білдірді олар.
https://kaz.365info.kz/berivan-sivi-mahmudidin-sokhyr-mahabbatty-kimnen-yrlagany-belgili-boldy-video-257407