Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
4
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

“Тойдан бұрын әкеміз мешіт салған”.Сиви “көреалмайтындарға” өлеңмен жауап қатты

Қайрат Нұртас Сивидің әкесіне құны 120 миллион теңгеге дейін баратын Rolls-Royce автокөлігін сыйласа, жақындары Махмұд Нәлібаевқа су жаңа «Волга» темір тұлпарын тартулады.

Бұл ретте ел Сивидің отбасын «тойынғаннан не істерін білмей, ысырап той жасады» деп сынап үлгерді.

Әнші әрі актриса Сиви елдің сынына өлеңмен жауап берді.

«Әкеміздің 60 жас тойы болды
Мінгізер ат, соярға қойы болды
Тойынғандық емес ол, қуанышын
Ағайынмен бөлісер ойы болды.

Болғаннан қызық деуші ет боладысы
Сынау ғана болған ба қонақ ісі
Дүниесін санаса мына кісі,
Ысырап деп барады ана кісі.
Жақсыларды шақырып жер, көктен сен
Тойды да ұнамайсың терлеп берсең,
Бауырым сен де осындай той берер ең
Еңбектеген кезіңнен еңбектенсең.
Тойдан бұрын әкеміз мешіт салған,
Құнанбайдың жолымен кесіп салған
Қабырғасы жоқ үйге қабырға сап
Есігі жоқ үйлерге есік салған», – деген Сиви көпшілікті таңдай қақтырды.

Желідегілердің басым бөлігі Сивиге қолдау білдіріп жатыр.

“Көре алмайтындарға жақсы жауап болды”, “Авторы кім екен, өте керемет шығарылған, біздің қазақ сол ғой, бар болса бере алмайды, жоқ болса көре алмайды”, “Күшті жазылған, расында еңбек еткен адам бәріне жетеді. Өзі еңбектенді, енді соның жемісін жеп жатыр”, “Керемет, тойға шақырса да сынап кететін адамдар жетеді”, – деп пікір білдірді Сивидің оқырмандары.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз