Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
15
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Сирияда соңғы 10 күнде 10 аурухананың күл-талқаны шықты

Ұйым мүшелерінің айтуынша, елдің солтүстігіндегі Ракка және Идлиб қаласы мен Сирия астанасы Дамаск төңірегіндегі ахуал өте қиын.

Роберт Мардини, ХҚКК Таяу Шығыс бойынша аймақтық директоры:

– Соңғы екі аптада Сирияда атыс-шабыстан аруханалар, мектептер мен өзге де инфрақұрылым нысандарының қирап жатқаны жайлы жағымсыз жаңалық көбейіп кетті. Бұл бізді алаңдатып отыр. Ең бастысы әскери іс-қимылдарды бейбіт тұрғындардың өміріне қауіп төнбейтіндей етіп жүргізу керек. Сондай-ақ ауруханалар секілді халықтың амандығы үшін қажетті нысандар жайлы да ұмытпаған жөн. Осы ретте жанжалдасушы тараптарды халықаралық гуманитарлық құқықтың негізгі ережелерін сақтауға тағы да шақырамын.

Жалпы, 6 жылдан асқан азамат соғысынан Сирияның денсаулық сақтау саласы қатты зардап шекті. Атыс-шабыстан ауруханалардың біразы қирап қалған. Дәрі-дәрмек те тапшы. Дәрігерлер соның ішінде хирург мамандар жетіспейді. Олардың біразы соғыстан қашып, өзге жаққа бас сауғалаған. Тағы біразы атыс-шабыс кезінде көз жұмды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз