Нұр-Сұлтан
Қазір
-6
Ертең
-10
USD
499
+0.04
EUR
525
+1.44
RUB
4.75
-0.06

“Сирияда өмір жоқ”. “Ислам мемлекетінің” құрығына түскен оралдық әйел шындықты айтты

https://kaz.365info.kz/ole-zhazdapty-siriyadagy-spajper-khyzdyn-videosy-alemge-tarap-ketti-269483

Өзге мемлекетте олардың тағы екі баласы өмірге келеді. Алайда халифаттағы өмірді көрген отбасы таңырқап қалған.

“Сирияда айтып жатқандай өмір тамаша емес. Ол жақта шариғат заңдарымен өмір сүрмейді. Біз ол жақта “Ислам мемлекетінің” көшіп барғанымыз үшін берген қаржысына өмір сүрдік. Олар бізге уәде еткен ақшасынан аз төлеп жүрді. Күн өткен сайын бұл сома азайып, соңғы рет 30 доллар ғана берді. Бұл ақшаға біз азық-түлікпен керек-жарағымызды алдық. Видеода көрсетілген керемет өмір, ақша және жасалып жатқан жағдайдың бәрі өтірік. Бізді ол жаққа шақырғанда келіп, көруімізге болатынын, егер ұнамаса кез келген уақытта қайтып кетуге болатынын айтты. Алайда бұның барлығы жалған. Ол жерге барғаннан кейін сізді ешкімде де кері қайтармайды.

Ал қашып кеткісі келген адамдардың барлығын ұстап алып, түрмеге тоғытатын. Егер адам жасаған ісіне өкінсе, оны босататын, егер өкінбесе өлтіретін. Біз үйге қайтуымыз керекпіз деп шештік. Алайда елден кетіп қалу өте қиын. Біріншіден кімге сеніп, кімнен көмек сұрарыңды білмейсін. Кейін бір сириялықты тауып алдық, ол тек бір жол ғана бар екенін және ол жол тек әйелдер үшін екенін айтты. Қыркүйек айында өзге қыздармен бірігіп, күрдтерге берілдік. Сол жерден бізді 13-ші қараша күні Грозныйға алып кетті. Сол жақтан ата-анама оралдым”, – дейді келіншек.

https://kaz.365info.kz/siriyada-sogysyp-zhyrgen-zhigit-anasynan-zhylap-tyryp-keshirim-syrady-266082

Динаның күйеуі әлі күнге дейін Сирияда. Алайда әйел күйеуінің де, өзінің де әскери істерге қатыспағанын айтады.

“Күйеуім әлі де Сирияда. Ер адамдар үшін қайтар жол жоқ. Әйелдері қашып кеткендіктен, ерлеріне қашып шығу қауіпті. Әскерилер отбасы қашып кетккенін білсе, оны өлтіре салады”, – дейді Дина.

Қазір Дина ата-анасымен және төрт баласымен бірге өмір сүруде. Балалардың ешқандай құжаты жоқ. Дина балаларды балабақша мен мектептке орналастыру үшін құжаттарын реттеуді жоспарлап отыр.

Көп балалы ана Сирияға кеткені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылмайтынын атап өту керек.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз