Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
4
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Синоптиктер: Желтоқсанда күн жылы болады

Тек еліміздің оңтүстік бөлігіне айдың басында циклон ықпал етіп, жауын- шашын болжанады. Ауа температурасы онкүндік бойы түнде 5-15 градусқа, күндіз 0-5 градус шамасында болып, кей жерлерде  күннің жылынуы байқалуы мүмкін.

Ұзақ мерзімге болжам бойынша, екінші онкүндіктің басында және соңында, сондай-ақ үшінші онкүндіктің соңында үш салқын ауа толқындары болуы ықтимал. Арктикалық теңізден енетін суық ауа ағымдарының салдарынан еліміздің солтүстік-шығыс бөлігінде екінші онкүндікте күн суытып түнде ауа температурасы 25-35 градусқа, күндіз 15…20 аязға дейін төмендейді.

Желтоқсан айында орташа айлық температурасы климаттық мәндерге жақын болады, тек Маңғыстау, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарында мөлшерден төмен болмақ.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз